Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Деп жатыр 4674 21 пікір 24 Ақпан, 2021 сағат 16:21

Илья Ильин қос азаматтығы бар шенеунікті жақтады

Бұған дейін Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған Олег Почивалов деген адамнан қос азаматтық анықталған болатын. Экс-шенеунік Қазақстаннан бөлек Ресей Федерациясының да азаматы болған. 

Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде өткен жылдың желтоқсан айында пайда болған. Ал биыл ақпан айының басында О.Почиваловтың Ресей Федерациясы азаматты екені ресталғаны хабарланды. Шымкент қаласы Полиция департаменті оны Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру мәселесін қарастырып жатқан.

Кейін шымкенттік шенеунік өзінде қос елдің азаматтығы бар деп ақпарат таратқан полицияның хабарламасы жалған екенін мәлімдеп, полицияның әрекетін заңсыз деп тану үшін сотқа талап арыз түсірген.

Бірақ сот басқарма басшысының Ресей азаматы екені толық дәлелін тапқанын жариялап, оның талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды.

«Почиваловқа қатысты азаматтық істі қарау барысында оның Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны толық өз дәлелін тапты. Бұл ҰҚК-нің Шымкент қаласы бойынша департаментінің және де Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің жауаптарымен дәлелденді. Сол себепті қалалық полиция департаментінің әрекеті заңды деп сотпен шешім қабылданды. Сот шешімі бір айдан соң ғана күшіне енеді»,- деді судья Нұрғали Исмаилов.

Судья тіпті шенеунік Почиваловтың Ресей Федерациясының азаматтығын 2005 жылы алғанын да айтты.

Сөйтіп, Шымкенттік шенеуніктің Ресей азаматы екені дәлелденген болатын. Бірақ сот шығарған шешімге сенбей, әлі де қос азаматтық пайдаланған шендіні ақтап жатқандар бар. Олардың арасында бір кездегі даңқты ауыр атлет Илья Ильин де бар.

Илья Ильиннің ойынша, Почивалов Қазақстан үшін таптырмайтын маман. Сол үшін оны елімізде алып қалуымыз керек екен.

«Мен Олег Почиваловты құрметтеймін. Менің пікірім – егер бұл адам қос азаматтыққа жабысып қалған болса, онда ол қазірге дейін Қазақстанда қалып жұмыс істемей, баяғыда-ақ, сол елге кетіп қалар еді.

Спорттағы жақсы кадрларды (мамандарды) өз елімізде алып қалуымыз керек. Меніңше, ондай мамандар бізде онсыз да көп емес. ЕГЕР, Ресей азаматтығы болмай шықса, онла Олег Почиваловқа сол өңірдегі спортты дамыту үшін жұмыс жасауына қайта мүмкіндік берілуі керек», - деп жазыпты Ильин Instagram парақшасында.

Ол сонымен қатар, «Олег Почивалов берілмейді», - деп, заң бұзған шендіге ашық қолдау білдіріп отыр.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1527
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3308
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5939