Шығыстағы халықаралық театр күні
2012 жылдың 27 наурызында Халықаралық театр күніне орай 26-наурыз күні Семей қаласында дүбірлі думан өтті. Бірақ бұл жолғы той бұрынғы тойлардан өзгерек болды. Себебі облыстық мәдениет басқармасының қызу қолдауына ие болған театрлар биыл басқаша түлеп, сала берді.

«Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры» және «Достоевский атындағы орыс драма театры » сондай -ақ, «Жамбыл атындағы облыстық драма театырлары» бірігіп, жұмылып жұдырық болып бастап кетті бұл тойды.
Қазақстанның халық артисті Күләш Сәкейева апамыз бастаған өнер тарландары көрермен қошеметіне бөленіп, қызыл кілем үстімен жүріп өтті.
Ал салтанатты жиынның басын Семей қаласы әкімінің орынбасары Исабаева Зәуреш Рамазанқызы және облыстық мәдениет басқармасының бастығы Омар Жақсылық Мұқашұлы артисттерге деген ақжарма тілегімен ашып берді.
Және бұл күні облыс театрларының арасында өткен «Алтын маска» атты байқау өз мәресіне жетіп әр түрлі наминациялар бойынша артисттар марапатталды.Атап айтсақ «Театрдағы көп жылғы еңбегі үшін» «Ең үздік ер адамның рольі » «Ең үздік әйел адамның рольі »
«Эпизоттық бейнені сомдағаны үшін » номинациялар болды. Мақтау марапатқа ие болған артистерді қаламыздағы (Дәриға-ай, Евраз шоу, ) өнер ошақтары келіп құттықтады. Кеш соңы Қазақстанның халық артисті Бекен Имахановтың ақ батасы мен аяқталып, көңілді кеш мерекелік дастархан басында жалғасты. Алдағы уақытта Жақсылық Мұқашұлы келер мерекені Өскемен қаласында тойлауға шақырды.