Сегіз миллион доллар шығын келдi
Биылғы көктем Оңтүстік Қазақстан үшін ауыр болды. Қалың қар бірден ерігені, жердің тоңы жібімей жатып толассыз жаңбыр жауғаны елдің әлек-шәлегін шығарды. Ауылдарды су алды. Арнайы құрылған комиссия жер-жердегі келген шығынды енді ғана анықтап, арнайы құжат толтырды. Міне, оның нәтижесі.
90 тұрғын үйді қайтадан тұрғызбаса болмайды. 280 үйді күрделі жөндеуден өткізбесе, оларда адам тұруы мүмкін емес. Облыстық маңызы бар 4 көпір қирап қалды. 30 құбырдан салынған көпірді кеңейтіп, қайтадан салмаса, алдағы кезде су таси қалса жағдай тағы да күрделене түседі. Әлгі 4 көпірді салуға 350 миллион, 30 көпірді қалпына келтіруге 90 миллион, бұзылған автомобиль жолдарын жөндеуге 15 миллион теңге қажет. Осылайша есептегенде, 1 миллиард 185 миллион теңге керек екен. Мұны Американың долларына шаққанда 8 миллион көк қағаз болады. Мамандар осылай деп отыр.
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, осы мақсатта құрылған штаб су тасқынының алдын алу мен оның зардаптарын жоюдың салдарын әлі де өз бақылауында ұстап отыр. Облыс бойынша биыл судың асау мінезін 12 аудан айқын аңғарды. 226 елді мекенді су алды. Алдын ала қолданылған шаралардың нәтижесінде ғана 7 аудан мен 186 елді мекенге топан су кірмеді. Селдің бағыты өзгертілді. Бұлай болмаған жағдайда төтенше жағдайдың зардабы қазіргіден де ауырлау болатын еді.

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы
«Айқын» газеті