Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
46 - сөз 12611 4 пікір 25 Ақпан, 2021 сағат 19:01

Қожалы қырғыны

Бүгін түнде 29 жыл болады...

1992 жылы кеңес әскері мен құранды армян жасақтары Қарабақтағы Қожалы кентіне басып кіріп, көзіне көрінген тірі жанның бәрін қырып, қанды қасап жасаған еді...

Өткен жылдың соңында Баку сапары кезінде бір әзірбайжан жігіт Шамахыдағы қырғын кезіндегі бір оқиғаны айтып берген.

"Бір жүкті әзірбайжан келіншектің ішіндегі баланы "ұл туа ма, қыз туа ма" деп екі армян дауласып қалыпты. Сонда үшінші бір армян "босқа таласып кәйтесіңдер, бұ қатын қашан туад деп күтіп отырамыз ба, қазір көрейік", деп қарнын жарып тастаған..."

Тура осындай жайт Қожалыда да қайталанған ғой. Түнгі ұйқыға енді бас қойған бейбіт елге басып кірген армяндар тарих тітіркенердей сұмдық істеген ғой.

613 жазықсыз әзірбайжан:

Бұның ішінде 63 бала;

106 әйел;

70 қарт кісі еш кінәсіз, тергеусіз, тексерусіз, Әзірбайжан боп туғаны үшін ғана өлтірілген.

Сол кездегі Арменияның қорғаныс министрі, кейін Армения президенті болған Серж Саргсян "Қоджалы қырғынына дейін әзірбайжандар армян әскері бейбіт халыққа тиіспейді деп сенді. Алайда, біз бұл стереотипті бұздық" деп мақтанды.

Расында, Саргсян мақтанса мақтанардай-ақ бар еді. Қолында қаруы жоқ бейбіт жұртты армяндар армансыз кескілеген. Тірілей өртеген, басын шапқан, терісін сыпырған, әйтеуір табиғатында нендей хайуандық болса соның бәрін жасап баққан ғой.

8 отбасы толық қырылған, 25 бала ата-анасынан бірдей айырылса, 130 бала не әкесін, не анасын жоғалтқан...

1992 жылдың қырғынын армяндар 2020 жылы да қайталады. Екінші Қарабақ соғысы кезінде майдан шебінен аулақ жатқан Гәнжә, Бәрдә, Тертер секілді қалаларды аса қуатты жойғыш зымырандармен бомбылауы армян жауыздығында шек болмайтынын дәлелдеді.

Гәнжә мен Бәрдәні көзбен көрген адам ретінде соғыс пен қырғынның зардабы Халық санасына қалай әсер етерін түсінемін.

Егер, әлі күнге Әзірбайжанның ет жүрегі армян десе кекке толып кетер болса қырғындардан қалған белгі.

"Халықаралық заңнама", "адам құқықтары конвенциялары" сияқты қыртылдатқан әңгімелердің дәурені Адам өлтіріліп жатқан кезде жүрмейді. Қанға қанмен ғана жауап беріледі...

P.S. Балалар тымауратып, ауырып қалғанның өзінде кең дүние қалай тарылып кетед, ә?! Фотодағы бейбақ Әкелердің жан дүниесі не боп жатыр екен...

P.S.S. Түгел Түрктің бір бұтағы - Әзірбайжан халқына Алла пана болсын! Аспаны ашық, дұшпаны қашық болсын! Қожалыда жазықсыз қырылған бейбақтардың рухы шат болсын

Алмас Алтайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5947