Кувейт «Борат әнұраны» оқиғасы үшін кешірім сұрап, кінәлілерді жазалайтынын мәлімдеді
Кувейттің ұйымдастыру комитеті «Борат әнұраны» оқиғасы үшін кешірім сұрап, кінәлілерді жазалайтынын мәлімдеді.
Жарыстың директоры, бас хатшы Обайд Әл Осаймидің ресми кешірімінде бұл қателік әдейі жасалмағандығы айтылып, оқиға бойынша шұғыл шара қолданғаны айтылуда.
«Осы қателікті жіберген адамдарға жаза қолданып, Клубымыз бен федерациядан шығарылатынын хабарлаймыз», - дейді О. Әл Осайми.
«Кеше осы қателігімізді түзете отырып, біз тағы да барлық қатысушылармен бірге Сіздердің Туларыңыздың құрметпен көтерілуі кезінде нағыз әнұрандарыңызды ойнаттық. Біз бұл әнұранның қай көзден алынғандығын анықтадық, протокол компаниясы оны интернеттен алғанын хабарлады. Әрине, болған қателік үшін өкіне отырып, Сіздердің федерацияларыңызға, спортшыларыңыз бен тамаша елдеріңізге деген құрметімізді көрсететін боламыз», - делінген хатта.
Аталмыш хатқа қатысты өз ойын бүгін Астанада ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі басшысының орынбасары Елсияр Қанағатов білдірді.

«Кувеййттің ұйымдастыру комитеті мәлімдегеніндей, марапаттау рәсімі мен басқа да протоколдық іс-шараларды жүргізу үшін арнайы компания тартылған. Сол компанияның кемшілігі деп бізге ақпарат беріп отыр. Осы мәселеге реніш білдіріп және нақты жауап берулерін сұрап, біз, агенттік тарапынан Кувейттің Спорт министрлігіне арнайы хат жолдадық. ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан да осындай нота жіберілді», - деді Е. Қанағатов.
Оның айтуынша, әнұранның дұрыстығын тексермеген қазақстандық өкілдерден әлі ешкім жазаланған жоқ. «Кувейт тарабының біздің хатқа қатысты жауабы келгеннен соң, бұл сұрақ тағы да қаралады. Бірақ бұл толығымен ұйымдастыру комитетінің кінәсі», - деп атап көрсетті Е. Қанағатов.
«Біз Кувейт тарапынан ресми кешірімді күтіп отырмыз, соның ішінде сол елдің Спорт министрлігінен», - деп нақтылады ол.