Жұма, 22 Қараша 2024
Дат 5328 13 пікір 1 Наурыз, 2021 сағат 11:21

Ресей жазушылары Арон Атабекке араша сұрайды

Ресейлік құқық қорғаушы ұйымдар - ПЭН-Москва мен «Свободное Слово» ассоциациясы қазақ қаламгерлерінің түрмедегі диссидент ақын Арон Атабекке араша сұраған үндеуін қолдап, оны қамаудан босатуды сұрап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайрылу жасады.

Аталған мәлімдеме ПЭН-Москва мен «Свободное Слово» ассоциациясының Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды. Сондай-ақ, мәлімдеме мәтіні Abai.kz порталының редакциясына да жолданды.

Онда:

«ПЭН-Москва мен «Свободное Слово» ассоциациясы Қазақстан жазушыларының көп жылдан бері түрмеде отырған ақын, диссидент Арон Атабекті босату туралы үндеуіне қосылады. Белгілі ақын, эссеитс, ойшыл, өз шығармашылығында қазақ халқының ұлттық дәстүрін көрсеткен, 68 жастағы Арон Атабек 14 жылдан бері қамауда отыр. Оның түрмедегі жағдайы ауыр және квалификациялық медициналық көмекке қолжетімсіз, жеке камераға да тоғытылған.

2019 жылы Еуропарламент Арон Атабекті дереу босату туралы арнайы резолюция қабылдаған. Өз халқының нағыз ұлы, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің қатысушысы және 1989 жылдың сәуіріндегі КСРО халық депутаттарының 1 сиезіне Қазақстанның егемендігі туралы және саяси қудалау көргендерді дереу босату туралы хатты ұйымдастырушы ақын Арон Атабек босатылсын!», - деп жазылған . Үндеу мәтінінде Abai.kz ақпараттық порталында 2021 жылдың 24 ақпанында жарияланған материалдан үзінді келтірілген.

Айта кетейік, 24 ақпан күні Abai.kz ақпараттық порталында Ұлықбек Есдәулет, Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдерінің түрмедегі ақын Арон Атабекке араша сұрап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған Ашық хаты жарияланды.

Онда:

«Арон Атабек 2006 жылғы әйгілі «Шаңырақ» оқиғасын ұйымдастырды, кісі өліміне себепкер болды» деген жалған жаламен 18 жылға итжеккенге айдалып, сотталды. Қазақ елі тарихында өзіндік қолтаңбасы бар, яғни, «Қазақ мемлекеті» т.б. бірнеше ұйымның жетекшісі, ақын, түрколог, Желтоқсан көтерілісінің бел ортасында жүріп, бүгінгі Тәуелсіздігіміз үшін күрескен батырымыз Арон Қабышұлы Атабек ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған түрмеде отырғанына алдағы жылы 15 жыл толады.

Жан азабы өз алдына, түрмедегі қинау мен азаптаудың алуан түрін басынан кешірген Арон Атабектің денсаулығы бірнеше жылдан бері күрт нашарлап кетті. Жасы 70-ке таяған қарттың екі қол мүлдем көтерілмейді, жүректің ишемиялық ауруы қан қысымы, бүйрек-өкпе, буын ауруларына т.б. өміріне қауіп төндіретін, түрме жағдайында емделуге келмейтін кеселдерге душар болды.

«Көзімнің тірісінде қадірле мені!.. Өлгесін басыма көк тас қойып, құрметтеп керек емес!», - деген екен бір қарт назаланып... Сол айтпақшы, халық батырын көзі тірісінде бостандыққа шығарып, денсаулынын түзетуге жағдай жасасаңыз нұр үстіне нұр болар еді. «Елім-қазағым!», - деп жанын шүберекке түйген батырымыздан тас зынданда айырылып қалсақ, арымызға сын болары хақ! Ұрпақ алдында ұятты болмайық, Президент мырза!», - деп жазылған.

Бұл хатқа Ұлықбек Есдәулет, Олжас Сүйлейменов, Мұрат Әуезов, Бақыт Беделхан, Амантай Асылбек, Гүлжан Ерғалиева, Т.Айтбай т.б. бірнеше адам қол қойған.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5291