Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4546 0 пікір 29 Наурыз, 2012 сағат 05:52

Әкежан Қажыгелдин 60-қа толды

Қазақстанның тұңғыш реформаторы, сырттай сотты болып, қуғындалып,  10 жылдан астам уақыт  шетелде тұрып жатқан Әкежан Қажыгелдиннің 60 жасқа толған күнін  бір топ қоғам белсенділері атап өтті.

«Қазақстанның саясаты мен  экономикасын  кешегі күні емес, бүгінгі күні де Қажыгелдин сияқты талдай алатын адам жоқ, - деді 90-жылдары Қажыгелдин құрған  Қазақстан Республикасының Халықтық партиясы атқару комитетінің мүшесі болған Кенжетай Әбжаханов. - Оның дәл қазір  елге оралғаны өте қажет.  Қазір Қазақстанда ақылды, ойлы, зерделі адамның саны аз. Мен, өз басым, шетте жүрген 10 жылдан астам уақыт ішінде Қажыгелдин Еуропаның ісі мен тәжірибесін бойына сіңірген тәжірибелі саясаткер ретінде елге оралады деген ойдамын. Ол  демократияны қалай құруды неше жылдан бері көріп, бойына сіңірген адам ретінде пайдалы болары анық».

«Шын мәнінде, Әкежан Қажыгелдин үкімет басына келгенде, Қазақстан әлі нарық дегеннің не екенін біліп үлгермеген болатын. Ол үкімет басқарған үш жылға толар-толмас уақыт ішінде өте көп қаулы-қарар қабылданды. Оның бәрі Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тоқырап қалған өндірістер мен өнеркәсіптерді көтеруге, яғни Қазақстан экономикасын нарыққа бағыттауға арналған болатын. Қажыгелдиннің Қазақстан экономикасындағы рөлін Ресейдің бір кездегі Столыпин реформасымен салыстыруға болады», -деді сөз алған заңгер Руслан Сапабеков.

«Қажыгелдин - Қазақстан экономикасының ең ауыр кезеңінде оны  жолға салған адам. Ол 1998 жылы «Әділ сайлау үшін» қозғалысына байланысты қуғынға ұшырады. Қазақстандағы алғашқы ең мықты саяси партияны құрып, оның негізін қалады. Елге саяси реформа қажет екенін бірінші айтқан да Қажыгелдин. Парламентке Конституциялық жоба да ұсынған. Оған 150 миллион доллар пара алды деген жала жабылды. Ол қуғындалып кеткеннен бері, елде қандай да бір өзгеріс болды ма? Жоқ. Қанша рет парламент сайлауы, президенттікке сайлау өтті, оның бәрі өркениетті елдер мен Еуропалық қауіпсіздік қауымдастығы тарапынан әділетсіз өткен сайлау ретінде бағаланды. Біз бүгін экономикалық қана емес, саяси дағдарысты бастан кешіріп отырмыз. Оған дәлел - Жаңаөзен оқиғасы. Халықтың қаны төгілсе де, билік ең құрығанда қаралы күн де жарияламады. Дәл қазір Қазақстан үшін барлық күштер мен саясаткерлер үлкен бір саяси мәмілеге келуі керек. Шетте қуғында жүрген Әкежан Қажыгелдин, Мұхтар Әбілязов, Ғалымжан Жақиянов және өзге де тұлғалар елге оралып, биліктегі, оппозициядағы  тұлғалар ортақ бір келісімге келуі тиіс.  Біз бүгін Қажыгелдиннің мерейтойына орайластырып, халыққа осындай ой айтып отырмыз», - деді Марат Уатқан.

Журналистер тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға қатысты жауаптар берілгенде, оның соңынан ешқашан қандай да жемқорлыққа қатысты шу шықпағаны айтылды. «Мен қазірге дейін Қажыгелдин миллион долларлап пара алды дегенге сенбеймін», - деді Руслан Сапабеков. «Қажыгелдин бүгінгі билікпен ымыраға келіпті деген сөз бар?» деген сұраққа, Марат Уатқан: «Өзі сырттай сотталып, қуғында жүрген адаммен билік келісімге келгісі келсе, онда олар Қажыгелдиннің кінәсіз екенін мойындағаны ғой», - деп жауап берді.

Баспасөз мәслихатынан соң, осы бастаманы ұйымдастырушы, «Жұмысшы қозғалысы» ұйымының төрайымы Сақып Ғалиқызы өз пікірімен былайша бөлісті:

«Жұмысшы қозғалысы» ұйымы  Қажыгелдин құрған партиямен сол 90-жылдары идеялас болды, қоян-қолтық жұмыс істедік. Біздердің мақсатымыз - бүгінгі билік жүйесімен күресу еді. Бізге бұл партияның белсенділігі, ашықтығы ұнады. Партияның басшысы Әкежан Мағжанұлының өзі де ашық пікірге қашан да дайын болатын. Әкежан Мағжанұлы сол кезде-ақ биліктегі өзге адамдардан көп қасиетімен ерекшеленді - ол өте мықты саяси партия құра білді. Ол демократия дегенді сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асыруға тырысты.

Баспасөз мәслихатын өткізушілер Қазақстанның қазіргі жағдайында Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдиннің елге қайтуы аса қажет екенін баса сөз етті.

Гүлмира ТОЙБОЛДИНА,

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 114 (143) от 28 наурыз 2012жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5264