Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 6175 0 пікір 2 Наурыз, 2021 сағат 13:46

Freedom House рейтингі. Қазақстан көш соңында

Freedom House ұйымы азаматтық бостандық деңгейі рейтингін жариялапты. Бұл ақпаратты Currenttimasia сайты жариялады. Ол бойынша, Қазақстан азаматтары «еркін емес» елдер қатарына кіріп, 100 балдан 23 балл жинаған.

Жыл сайын әлем елдерінің саяси құқықтық, азаматтық бостандық деңгейі бойынша рейтингтері жасалады. Оған сәйкес, мемлекеттер «еркін», «жартылай еркін», «еркін емес» болып бөлінеді.

Аталған тізім бойынша, «еркін» елдер қатарына: Норвегия, Финляндия, Швеция жатады екен. Сондай-ақ, ең қуатты экономикасы бар Жапония, Ұлыбритания, Германия, АҚШ мемлекеттері де аталған тізімнің көшін бастап тұр.

Ал, «еркін емес» елдер қатарына: Қазақстан, Ресей, Белорусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттері топтастырылған.

Freedom House әлемдегі мемлекеттер билігінің мінез-құлқын екі критерий бойынша бағалаған:

- саяси құқықтар, азаматтардың көшбасшыларды таңдауға және қоғам үшін маңызды шешімдерді қалыптастыруға еркін қатысу мүмкіндігі;

- азаматтық бостандық (іс жүзінде бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі мен азшылықтардың құқықтарын сенімді қорғау, мемлекет тарапынан пікірлерді, институттарды және жеке автономияны дамыту еркіндігі).

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 845
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2225
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 562
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 541