Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
6719 12 пікір 2 Наурыз, 2021 сағат 14:01

The Times: Ресейлік жендеттер Ливияда қожайынға айналды

Ресейлік ВАГНЕР жалдамалы жендеттері Ливия үшін шайқасып жатыр. Олар БҰҰ мойындаған Ливиядағы билікке қарсы шығып, генерал Хафтарды жақтауда.

"Жақында ресейлік жалдамалы жендеттер Триполи қаласының маңында пайда болған сәтте, АҚШ Хафтардың қауіпті ойын ойнап жүргенін ескерткен болатын. Ливиядағы билікті басып алып, өзін диктатор ретінде жарияламақ ойы бар Хафтардың өзі ресейлік жендеттердің қызметкеріне айналып кетуі мүмкін. Ресей қорғаныс министрлігі мен Кремльге ғана бағынатын жендеттер, Хафтарға қызмет ететін кейіп танытпайды. Хафтар жақтастары олардың кетуін қалап отыр», - деп жазады The Times.

"2 мыңнан астам жалдамалы жендеттер Ливияның шығыс және оңтүстік бөлігінде орналасқан. Келісім бойынша олар бір ай бұрын елден кетуі тиіс еді. Алайда не ресейлік жендеттер, не оларға қарсылас түркиялық әскерилер Ливиядан кетер емес. Барлығы да Африкадағы мұнай қоры мол Ливияда қалуды қалайды. Хафтардың жақтастары шешім қабылдау бойынша биліктің біртіндеп ресейлік жалдамалы жендеттерге өтіп бара жатқанына алаңдаулы. Олар Ливияның біраз бөлігінде ресейлік жендеттер қожайынға айналғанына секеммен қарауда», - делінген мақалада.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2989
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 992