Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3500 0 пікір 30 Наурыз, 2012 сағат 06:36

"Жаңаөзен ісі": ... Киіз үй жанып кеткеннің өзінде төлеп беремін

 

«Жаңаөзен ісі» бойынша Ақтау қаласында наурыз айының 27-сі күні басталған сот процесінің үшінші күні аяқталды. Соған орай істі қарау барысын сот залында отырып бақылаған Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің бірнеше мүшесі осы жолдар авторына телефон арқылы хабарлаған негізгі мәліметтер төмендегідей.

Судья Аралбай Нағашыбаев төрағалық ететін сот процесіне 37 айыпталушы, 188 жәбірленуші, 45 куәгер, 6 мемлекеттік айыптаушы мен 12 қорғаушы қатысуда.

Меніңше, бүгінгі репортажымызда бірден астын сыза хабарлауға тұратын негізгі және қуанышты жағдай - үш күн ішінде сөз беріліп, сұралған 40-қа тарта жәбірленушінің басым көпшілігі (негізінен шағын кәсіпкерлікпен айналысатын зейнет жасындағы әйелдер) өздерінің шығындарын өндіріп беру жөніндегі талап-арыздарынан бас тартатындығын мәлімдеген. Себеп - қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған 37 азаматқа олардың барлығының да ешқандай айып тақпайтындығы, сондықтан айыпталушыларды кінәсіз деп есептейтіндігі.

 

«Жаңаөзен ісі» бойынша Ақтау қаласында наурыз айының 27-сі күні басталған сот процесінің үшінші күні аяқталды. Соған орай істі қарау барысын сот залында отырып бақылаған Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің бірнеше мүшесі осы жолдар авторына телефон арқылы хабарлаған негізгі мәліметтер төмендегідей.

Судья Аралбай Нағашыбаев төрағалық ететін сот процесіне 37 айыпталушы, 188 жәбірленуші, 45 куәгер, 6 мемлекеттік айыптаушы мен 12 қорғаушы қатысуда.

Меніңше, бүгінгі репортажымызда бірден астын сыза хабарлауға тұратын негізгі және қуанышты жағдай - үш күн ішінде сөз беріліп, сұралған 40-қа тарта жәбірленушінің басым көпшілігі (негізінен шағын кәсіпкерлікпен айналысатын зейнет жасындағы әйелдер) өздерінің шығындарын өндіріп беру жөніндегі талап-арыздарынан бас тартатындығын мәлімдеген. Себеп - қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған 37 азаматқа олардың барлығының да ешқандай айып тақпайтындығы, сондықтан айыпталушыларды кінәсіз деп есептейтіндігі.

Мәселен, 50 миллион теңге шығын шеккен кәсіпкер Бибатпа Жалғасбаева: «Біз арызды полиция «жазыңдар» деген соң жазғанбыз, бірақ тергеу мен сот әділ өтіп жатыр дегенге күмәндіміз. Шын мәнінде нақты кімдердің зиян келтіргендігі анықталмаған, сондықтан мен ешкімнің обалына қалғым келмейді. Шығынды сотталушылар емес, мемлекет өтеуге тиіс», - десе, Оразхан Ахытова: «Мен бұл азаматтардың ешқайсысын ұрлық пен тонауға қатысқан қылмыстылар деп есептемеймін. Менің шығыным 3 миллион теңгеден асады, бірақ ол үшін бейкүнә адамдарды жазалағанын қаламаймын, олардың тағдыры ақшадан қымбат. Миллион миллионымен, балалар үшін қидым соны», - деп кесіп айтқан. Аманкүл Ізбасарова: «Мен өзім анамын, ал мұндағы айыптылар орнында отырғандардың көбісі менің баламдай жастар. Менің екі миллион теңге шығынымды бұлардың төлегені маған керек емес және мен бұл балалардың кінәсі жоқ екендігіне сенімдімін», - деп мәлімдеген.

Сондай-ақ, шығыны 13 миллион 500 мың теңге құраған жеке кәсіпкер Жақсыбай Бердоңғаров та ақшадан азаматтық парызды жоғары қойып, өзінен кейін сөз алатын жәбірленушілерге де сотталушы жігіттердің обалына қалмау жөнінде кеңес берген ол: «Азаматтардың кінәлі, не кінәсіз екенін сот шешеді. Ал мен өзімнің азаматтық борышым ретінде талаптарымнан бас тартып отырмын. Ешкім өмір бойы ақшаны жинап бітпейді, оны көрге алып кірмейді. Қираған мекемемді несие алып, қалпына келтіріп алармын. Өз басым айыпталушыларды кінәлі деп есептемеймін. Он үш миллион деген көп ақша, бірақ бас аман болса дүние табылады».

Міне, билік өз кінәсін бейкүнә азаматтарға жабу үшін заңды да, ар-ұятты да, жалпы адамгершілік қадыр-қасиет атаулының барлығын таза мансұқтап, аласұра жанталасып жатқан кезде қарапайым халық өкілдері өздерінің азаматтық парасаттылығы мен ар-ожданы олардың өресі жетпейтін заңғар биікте тұрғандығын осылайша паш етті!

Өзіне айрықша назар аударатын және бір факт - жәбірленушілердің бірі, алаңда өртелген киіз үй иесі үлкен әжей «үйді желтоқсанның 15-і күні алып тастағысы келгенмен, полицейлер алғызбай қойғанын» айтқан. Оған қала әкімі келіп: «Міне, сіздерге қолхат жазып отырмын. 2 миллион теңге ақша төлеймін, қорықпаңыздар. Тіпті киіз үй жанып кеткеннің өзінде төлеп беремін», - деген. Яғни, осының өзі-ақ 16-желтоқсан күнгі өртеулер, қиратулар, тонаулар мен басқа да арандатуларды биліктің өзі алдын-ала дайындағандығын айқын айғақтаса керек.

Тағы бір маңызды факт - сотта адвокаттар БТА банкінің Жаңаөзен қалалық бөлімшесіндегі (тоналған) бейнекамералар таспаларын талап еткен, бірақ мемлекеттік айыптаушылар оларды көрсеткісі келмей: «Егер оның барлығын қарай берсек, бір ай да жетпейді», - деп, еш қисынға келмейтін сылтау айтқан. Алайда қорғаушылар талаптан бас тартпай, табандылық танытқан соң, амалсыздан оқиға кезінде банк ғимаратынан түсірілген үзік-үзік қысқа бейнежазбалар көрсетілген. Сонда беттерін бүркеген жасөспірімдердің жанғыш шөлмектер лақтырғаны байқалған. Сол кезде залдағы жұртшылық: «Мыналар тіпті жап-жас балалар ғой, сотталушылардың ешқайсысына ұқсамайды», - деп шу ете қалған. Және осы жағдайға байланысты адвокаттар тарапынан қойылған көптеген сұрақтар жауапсыз қалған.

Сот барысында бірде-бір полицей сұралмаған, алайда жұрт назарын өзіне еріксіз аудартқан мынадай бір қызық жәйт орын алған. Судья А.Нағашыбаев көпшілікке: «Сотқа әртүрлі себептермен келе алмайтын, бірақ өздерінің арыздарында айтылған жағдайлардан бас тартпайтындығын жазған 15-тен астам адам арыздарын тастап кетіпті», - деп,  сол «арыз тастап кеткен» адамдардың аты-жөндері арасында «Мылтықболов» деген фамилияны атаған кезде залдағы жұрт: «Қалайша ол келе алмайды? Сот басталған кезде Мылтықболов - полицей фойеде жүрді. Мынау масқара ғой!» - деп шулағаннан кейін судья не айтарын білмей: «Жоқ, бұл тек арыз ғана. Біз әлі мұны қарастырамыз. Жай өздеріңізге айтқаным ғой бәленбай арыз түскенін», - деп, сасқалақтаған. Яғни, соттың полицейді жасырын түрде қарапайым куә ретінде пайдалану әрекеті әшкереленіп қалған.

Қорыта айтқанда, сот процесінің алғашқы үш күнінің өзі-ақ оның небір құйтырқы жағдайларын көрсетіп, билік неше айдан бері дайындаған қылмыстық істің шикіліктері жетіп-артылатындығын қазірдің өзінде айғақтай бастады деуге толық негіз бар. Мұндай соттың келесі отырыстарында жұртшылық тағы қандай «қызықтарға» куә болар екен?..

 

Жасарал Қуанышәлин,

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің

ақпараттық топ жетекшісі.

Алматы қаласы,

2012 жылдың 30-наурызы

«Абай-ақпарат»

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5957