Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3226 0 пікір 2 Сәуір, 2012 сағат 06:11

Мүслім МЫРЗАХМЕТ. Бізді кімдер билеп отыр?..

Капиталистік қоғамда  монополистер шексіз үстемдік құрады екен.   Олар өз мемлекеттерінде ғана емес,  шет елдерді де билеп төстей алады (бұл жайтты көзімізбен көріп, жүрегімізбен сезініп те жүрміз).  .

Монополистер жергілікті мемлекеттердің заңдарына бағына да бермейді. Мемлекеттің «Ата заңына» олардың түкіргені бар: өйткені олар өздеріне ыңғайлы, өздерінің мүдделерін қорғайтын заң шығартып алған. Олардың «ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс». Біздің еліміздегі көптеген  заңдардың «Ата заңымызға»  қайшы келіп жатуының сыры да осында. Біз кейде дұрыс заң қабылдамады деп депутаттарды жазғырамыз, дұрыс шешім шығармады деп соттарға кінә тағамыз. Оларды жазғыруымыз бекершілік: депутаттарымыз бен соттарымыз солай етуге мәжбүр. Өйткені бізді монополияға иек артқан инвесторлар билеп-төстеп отыр.

Бір ғана Қытай монополисті  Маңғыстауда мыңдаған адамды 7 ай бойы алаңға қаңтарып, Н.Соколованы 6 жылға соттатқызды. Н.Соколованы соттаған сотта, прокурорда оның еш жазықсыз екенін жақсы біледі, бірақ олар дәрменсіз.

Ақиқатында «Әлеуметтік араздықты қоздырған»  Н.Соколова емес, сол қытайдың өзі болатын. « Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді» деген осы. Алаңда 7 ай тұрған жұмысшыларға  Үкімет те, депутаттар да ара түсуге дәрменсіздік танытты, ереуілдің арты қантөгіске апарып соқтырды. Ал біз кінәлілерді  басқа жақтан іздеп жатырмыз.

Кейінгі кездегі монополияның кең тараған түрі - финанс олигархиясы. Әлемде болып жатқан барлық  бүліктер осылардың ісі. «Араб көктемін» «көктеткен» де осылар. Демократияны желеу еткен бұлардың мақсаты байлық пен үстемдік.

Финанс олигархиясы мемлекетті өздерінің қара ниеттеріне пайдаланады. Қарапайым халықтың тұрмыс дәрежесін арттыру және демократия жолындағы күресін әлсірету  үшін мемлекетті соларға қарсы заң шығаруға итермелейді. «Тіркеудің жаңа ережелері» және Еңбек кодексіне еңгізілген түзетулер  осының айғағы.
Олар халықтың бірлігін әлсірету үшін, көптің назарын басқа жаққа аудару үшін де  неше түрлі құйтырқы істерге  барады.  Елімізге ағылып келіп жатқан мысық тілеу миссионерлер де соларың жымысқы әрекетін жалғастырушылар.

Қарапайым  халықты қиыншылыққа  душар ететін дағдарыс, инфляция, жұмыссыздық сияқты келеңсіздіктің бәрі капиталистік қоғамның айнымас серігі. Капиталистік қоғам тек жеке адамдарды ғана бақтытты етеді,  жалпы қарапайым халыққа бақыт сыйламайды

Қазақ елінің болашағы әлеуметтік теңдік жүйесінде. Бізге билікті емес, жүйені өзгеру қажет. Ұлттық ерекшіліктерімізді ескере отырып, жаңа жүйе орнатуымыз керек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257