Адамзатқа 10 жыл қалды
Адамзатқа салдары жойқын жаһандық экологиялық апаттың алдын алу үшін небәрі он жыл қалды.
Бұл туралы «Утро.ру» БҰҰ-ның орнықты даму проблемалары бойынша кезекті саммитіне орайластырылған «Ғаламшардың жай-күйі» декларациясына сілтеме жасап хабарлады.
«Зерттеулер адамзат өркениетінің игілігі үшін соңғы жүзжылдықта атқарылған істердің нәтижесінде душар болған экожүйенің одан әрі тіршілік етуі қатер алдында тұр», - делінген құжатта.
Егер адамзат күш-жігерін біріктірмесе, экожүйенің күйреуіне куә болмақ, деп ескерту жасаған декларацияға қол қойған ғалымдар. Біздің өркениетіміз сусыз және тағамсыз қалады, биологиялық әралуандықтан жұрдай болады, сондай-ақ басқа да ресурстар жоғалу қаупіне ұшырайды.
Соңғы он жылдықта маңызды үш өзгеріс болды. Біріншіден, антропоцен дәуірі басталды, өйткені жаһандық ауқымдағы үдерістер адамдар қолымен жасалды. Екіншіден, Жер үстіндегі көптеген үдерістер бір-бірімен өзара байланысты. Бұл өзара байланыстар инновацияларды енгізуді тездеткенімен кенеттен болатын дағдарыстар адамдарды дәрменсіз күйге ұшыратады. Үшіншіден, қоршаған ортаға бақылаудың қазіргі тәсілдері өзінің тиімсіздігін көрсетті, өйткені климаттың өзгеруіне қарсы тұра алмады және биоалуандықты құрдымға кетіруге әкеп соқты, делінген құжатта.

Осыған байланысты өткен аптада Лондонда ғылыми конференцияға жиналған декларация авторлары БҰҰ-ны қоршаған орта проблемасына көбірек назар аударуға, сондай-ақ жаһандық деңгейдегі әлеуметтік, экономикалық және экологиялық саясатты үйлестіріп отыратын орнықты даму жөнінде Кеңес құруға шақырды.
Жағдайды өзгерту үшін жаңа технологияларды енгізу жеткіліксіз. Құндылықтарды, пікірлерді және мақсаттарды өзгерту қажет. Мұндай ұмтылыс түбегейлі және ауқымды реформаларды қажет етеді, делінген декларацияда.
Адамзаттың таяудағы жылдарда жаһандық экологиялық апатқа ұшырайтыны жөнінде көптен бері айтылып жүр. Өткен жылдың қараша айында Климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық сарапшылар тобы жаһандық жылыну салдарынан адамзат су тасқыны мен құрғақшылыққа ұшырайтынын ескерткен болатын.
Биылғы жылдың басында NASA парниктік газдар шығарындыларын бақылауға мүмкіндік беретін 14 қадамды ұсынды. Ғалымдардың пікірінше, бұл шаралар ғаламшарды жаһандық жылынудан құтқарады және жаһандық дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік береді.
ҚазАқпарат