Ақшолақтың Ерболы. Әрі тайған Әнуардың ауылы...
«Ауыл әр қазақтың алтын бесігі» деп бекерге айтылмаса керек-ті, сол қазақтың бір ғана ауылын сөз етіп көрелік, ол ауыл - Алматы облысы, Алакөл ауданындағы «Әнуар» ауылы. Бұл ауылдан көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері Әнуар Әлімжанов, Қазақстанға еңбек сіңірген әртіс Кәмәси Өмірзақов, атақты акушер-гинеколог дәрігер Жомарт Нұрқасымұлы, КСРО спорт шебері Шаймардан Тілеумбетов, академик-ғалым, жазушы Тоқтар Бейісқұлов, дарынды жас ғалым Бауыржан Нұрахметов, жезтаңдай күміс көмей әнші Арайлым Рахымқызы сынды саңлақтар түлеген еді. Бұрынғы аты «Қарлығаш». Ал сол ауылдың қазіргі кейпіне қарап осы бір құтты мекенде

«Әлімжановтар түлеген» деп айтуға мүлдем аузың бармайды.
Ес білгелі елдің ортасында жүрмін. Туған жерге барған сайын көңілім құлазып қайтамын, себебі ауылдағы 9 жылдық мектептің салынғанына қырық жылдан астам уақыт болды. Содан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу көрген емес. Әр сынып бөлмесінде бір-бір жал пештен салынған, құдды бір 20-ғасырдың басы секілді. Шұрық-тесік шатырдан жаңбыр тамшылап, мектеп әкімшілігі қолдарындағы шелекті ұрпаққа мирас еткендей бір-біріне беріп, қадірлеп-қастерлеп келеді. Өткен жылы Алматы облыстық білім басқармасының төрайымы Аманова Ғалия Мұтанқызына жолығып мектептің тыныс-тіршілігін сөз еткен болатынмын. Ол кісі арнайы сапармен Әлімжанов түлеген елді-мекенге баратынын айтқанда төбем көкке жеткендей қуанып, риза болған едім, өткенде тікелей қоңырау шалып, «Қарлығаштың» қалың жұртын қуантатындай жайдарлы жаңалық естимін бе десем, тәтем: «Сіздің «Қарлығашыңызға» жаңа мектеп салу әзірге біздің жоспарымызға енген жоқ»,- дейді. Айтарға сөз таба алмай абдырап қалдымда: «Аманова аман болыңыз» деп тұтқаны тастай салдым.
Бұрынғы «Қарлығаш» қазіргі «Әнуар» ауылындағы тағы бір қиын халде тұрған мекеме - «медпункт». Төрт кергеге төндіріп шатыр жаба салған бұл мекемеге ем алмақ түгілі емделуге барған адамның өзі ауру болып қайтады. Қыстың қақаған аязында ішкі жылыуы сыртпен тең болып тұратын бұл ғимараттың іріп-шіріп іргесінің сөгілгені қашан - ауылдың дәрігері қысы жазы иығына қара сөмкесін асып алып елді үйіне барып емдейді. Бір қайыр болар деп облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мейірбеков мырзаға соқтым, «бәрін қатырамыз» деген Мәкең соңында ұстатпай «андамын-мындамын» деп жасырынбақ ойнаумен жүр. Жарар, егер шын жігіт болса, ел үшін еңбек етіп жүрсе, бойындағы адами қасиетін қастерлей алса, азаматтың арына қалың жұрттың аманатын тапсырған болатынмын.
«Әнуар» ауылындағы мәдени ошақ «Клубтың» аузында құлып тұрғанымен бұл ғимарат жұрттың емес, ит-мысықтың мекені болып кеткен. Оны да айғайлап, ойбайлап қалпына келтірген болып едік, қазір төбесі тесіліп, омырылып ортасына түскелі тұр.
Міне, дәл осылайша сиқы қашып құлдырау шегінде тұрған ауылда кешегі қоғам қайраткері Әнуар Тұрлыбекұлы туған дегенге адам баласы сенбейді. Бар күшін, қажыр-қайратын, білімі мен білігін еліне арнаған есіл ердің тым құрығанда 80 жылдық торқалы тойын да жоғары деңгейде атап өте алмағанымыз өкінішті. Егер қазақ барымен жоғын түгендеуге шындап кіріссе, алдымен ауызына Әлімжановты алар еді. Амал не, бұл күндері іштен тынудан өзгеге жарамай тұрмыз.
Ақшолақтың Ерболы
Алматы облысы,
Алакөл ауданы,
Әнуар ауылы.
«Абай-ақпарат»