Қазынаға қол салған қыз Араб Әмірлігінде демалып жүр
Қазақстан Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.Мешімбаеваның қайда қашып тығылғандығы ақыры анықталды: «2009 жылғы жалпы ұлттық халық санағы кезінде ел қазынасынан жүздеген миллион қаражатты жымқырды» деп айыпталған Анар ханым құмға барып, бой тасалаған екен. Бірақ экс-төрайымның таңдауы қазақ жеріндегі шағыл құмды қырқаларға емес, арабтар еліндегі құмды теңіз жағалауына түсіпті. Егер қашқын ханым басқа ел асып кетпесе, жақын уақытта оның қолына кісен салынуы ықтимал. Өйткені кеше, Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында қалаулылар «Қазақстан мен БАӘ арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді» құптады.
Қазақстан Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.Мешімбаеваның қайда қашып тығылғандығы ақыры анықталды: «2009 жылғы жалпы ұлттық халық санағы кезінде ел қазынасынан жүздеген миллион қаражатты жымқырды» деп айыпталған Анар ханым құмға барып, бой тасалаған екен. Бірақ экс-төрайымның таңдауы қазақ жеріндегі шағыл құмды қырқаларға емес, арабтар еліндегі құмды теңіз жағалауына түсіпті. Егер қашқын ханым басқа ел асып кетпесе, жақын уақытта оның қолына кісен салынуы ықтимал. Өйткені кеше, Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында қалаулылар «Қазақстан мен БАӘ арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді» құптады.
Бұл жобаға қатысты Парламентке «тез арада ратификациялау керек» деген ұсыным берілген деседі. «Жылы жағалауда жатып алып, шекесінен қарап, «ал енді не қыласың?!» дейтіндер саны 1600-ден асыпты. Олардың 1558-іне - мемлекетаралық, 60-ына - халықаралық іздеу жарияланғанымен, табылғаны 176-ақ адам. Яғни, оннан бірі ғана! деді Мәжіліс атынан қосымша баяндама жасаған депутат О.Мұхамеджанов. Сонымен қатар ондайлардың ізін табу қандай қиындық туғызса, оларды жазалау үшін елге әкелу - одан да қиын мәселеге айналып отыр». Орал Байғонысұлының айтуынша, бұл түйткіл «Қазақстан мен әдетте қылмыскерлер паналайтын көптеген елдер арасында ұстап беру туралы келісімнің жоқтығынан туындаған». «Демек, бұл келісімді ратификациялау ел мүддесіне қызмет етеді» деп түйген депутат әріптестерінен жобаны қолдауларын сұрады.
- Қазіргі уақытта, Интерполдың деректері бойынша, Араб Әмірліктері аумағында қазақ-стандық әділ сот төрелігінен тұтастай алғанда 7 Қазақстан азаматы жасырынып жүргендігі анықталды, - деді депутаттарға Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель. - Оның ішінде Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаева бар. Оның қылмыстық ісі бойынша келтірген шығын сомасы 758 миллион теңгені құ-райды. Осы қаржылар өз уақытында халық санағына деп бөлінген болатын.
Бас прокурордың бірінші орынбасары осы «ертегі елінде» «Какаду» ЖШС-ның бұрынғы директоры да тұрып жатқандығы әшкереленгендігін мәлімдеді. «Ол Астанадағы «Қыпшақ» тұрғын үй кешенін салу кезінде жарты миллиард теңгеге жуық сомада қаражат ұрлаған» деді И.Меркель. Іздеу салынған барлық тұлғаларға қатысты Бас прокуратура араб тарабына ұстап беру туралы талап бағыттапты. «Алайда қазірге дейін бұл талаптар қаралмаған. Біз арналар бойынша бейресми ақпар алдық, оған сәйкес, қазақстандық аза-маттарды ұстап беру мәселесін БАЭ тек осы тиісті Келісім ратификацияланғаннан кейін ғана қарамақ» деп ашық айтты Иоган Давидович.
Бас прокуратураның биік лауазымды өкілі «Қазақстан үшін Араб Әмірліктері үлкен туристік қызығушылық туғызатынын» ескертті. Жыл сайын 20 мыңнан астам біздің азаматтар осы елге туристік визамен барады екен. Олардың барлығының бірдей ниеті түзу, қолы таза деу - аңғалдық емес пе?! Оның үстіне Бас прокурордың «оң қолы» бұл Ке-лісімді қабылдау республикалық бюджеттен бөлінетін қаржылардың артуына әкеліп соқпайтындығына сендірді: «Өйткені бұған керекті қаражаттар бізге жыл сайын бөлініп отырады. Биылғы жыл бюджетінде осы мақсатқа 10 миллион теңге қарастырылған» деді ол. Осыған ұйыған қалаулылар Қазақстан мен БАӘ арасындағы Келісімді құп алды. Енді бұл халықаралық құжатты Сенат ратификациялауы қажет.
Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыскерлерді ұстап беру тетігі дәл қазір Қытаймен, Кореямен, Жапониямен, Литвамен, Моңғолиямен, Түркиямен және бірқатар басқа мемле-кеттермен арамызда жеткілікті түрде тиімді жұмыс істеуде екен. Осы елдермен дәл осындай стандартты келісімдер бар. Енді оның қатарына БАӘ қосылғалы отыр. Ең бастысы, кеше белгілі болғанындай, енді Қазақстан Еуропа елдерімен осындай екіжақты келісімдер бекіту бағытында қимылдауды бастапты. Әйтпесе, Ұлыбритания, Австрия сияқты батыс елдері қазақстандық сот қылмыскер деп таныған тұлғалар барып, бас сауғалайтын «аралға» айналған. Дегенмен кеше И.Меркель қылмыскерлерді ұстап беру мәселелері бойынша Ресеймен жиі жұмыс істейтіндерін мойындады. Берілген тұлғалардың басым көлемі де осы елдің үлесіне келетіндігі айтылды.
Әйтсе де, ең сорақысы сол, кейбір істе біздің құзырлы құрылымдардың алпауыт көршімізге тәуелді екендігі анықталуда. «Ресей бізге тек қылмыскерлерді құрықтап, қайтарып қана қоймай, әртүрлі сараптамаларды жүргізуде құқықтық көмек көрсетеді. Себебі бізде, Қазақстанда кейбір сараптамалар мүлдем жүргізілмейді. Тиісті мамандар жоқ» деп мәлімдеді депутаттарға Иоган Меркель.
Шетелге қашушы қылмыскерлер жай кетпей, құпия құжаттарды, қаражаттарды ала кететіні мәлім. Осы орайда депутат Уәлихан Бішімбаевты шетелде пана тапқан сондайлардың мүлкін Қазақстан қалай тартып ала алатындығы қызықтырды. «Мына Келі-сімде жазылған: «қылмыс жасау нәтижесінде қол жеткізілген заттар, егер олар іздеудегі тұлғаның меншігінде болса не оны тұтқындау кезінде табылған болса, сондай-ақ қылмыскер қылмысты жасау нәтижесінде қол жеткізген заттардың орнына алған заттар тәркілеуге және сұраушы тарапқа беруге жатады» делінген, - деді қалаулы. - Бұл жағдайда қылмыс жасау арқылы иеленген жылжымайтын мүлікті алып қою қалай жүзеге асады. Ол қалай саудаға салынады?»
- Бұл жағдайда біз сол жылжымайтын мүлікті тұтқындау туралы жеке тапсырма бағыттай-мыз, - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары. - Содан кейін сот болады да, оның кейінгі тағдырын сот анықтайды. Осыдан соң барып сот орындаушылары оны саудаға салуы керек.
Айтпақшы, И.Меркельдің түсіндіруінше, Келісімге сәйкес, егер ұстап беру талап етілген тұлға «саяси сипаттағы қылмыс» жасаған болса немесе ұстап беру туралы сұрау сол адамды нәсілі, діни ұстанымы, азаматтығы немесе саяси сенімі бойынша қудалаумен байланысты екендігіне қатысты дәлелді негіздер бар болса, «онда ұстап беруге жол беріл-мейді». Ал Қазақстан ұстап беруді талап етіп отырған тұлғалардың барлығы қазақстандық сотпен қылмыстық не экономикалық сипаттағы қылмыстар жасаған деп танылған.
Айхан ШӘРІП
«Айқын» газеті