Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4803 22 пікір 23 Наурыз, 2021 сағат 17:50

Жерге қатысты нақты ұсыныстар айтыңыздар

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Жер реформасы бойынша комиссия құрылды, бүгін оның құрамы да бекітілді. Бұл комиссияға мен де мүше болып кіріп отырмын.

Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеумен айналысады. Айта кету керек, алдыңғы Жер реформасы жөніндегі комиссия осы бағытта біраз іс тындырды, сол кезде елді алаңдатып, қазақтың тынышын кетірген біраз мәселені шешуге, халықтың көңілін орнына түсіруге септесті. Алайда содан бергі 5 жыл ішінде тағы да біраз мәселе қордаланып қалғаны мәлім. Жаңа комиссия жерге қатысты түйткілді мәселелерді түпкілікті шешуі қажет.

Мысалға, өзім ауыл-аймақты аралағанда біраз жайтқа қанықтым. Соларды комиссия аясында көтермекпін. Айталық, біріншіден, азаматтар жер алу мәселесі күрделі екеніне шағымданады. Жер телімдерін онлайн режимде рәсімдеу ісі көп елдімекенде жолға қойылмаған.

Екіншіден, жұртшылық ауыл шаруашылығын жүргізуге жарамды суғармалы жерлерді өзге мақсаттарға пайдалануға бермеуді сұрайды. Әйтпесе, қалалардың айналасы бірнеше шақырымға дейін құрылыс және басқа компанияларға таратылып жатқан жайттар бар. Ал қазіргі заманда, өзге елдерде қала шаруашылығы ауыл шаруашылығымен кіріге, біріге жүргізіледі. Мысалы, бауырлас Түркияның ірі қалаларының айналасы толған жылыжай-теплица.

Үшіншіден, қазақстандықтар жалғыз ауыл шаруашылығы ғана емес, сондай-ақ басқа да жерлерді шетелдіктерге және олардың қазақстандық серіктеріне сатуға тыйым салынса дейді. Басқа да толып жатқан мәселе бар. Оны комиссия аясында көтермекпін. Өзге мамандармен ақылдаса отырып, нақты шешімдері табыларына сенімдімін.

Жер реформасы бойынша комиссия алғашқы отырысын арғы күні, 25 наурызда өткізуді жоспарлап отыр.

Жерге қатысты нақты ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде комментарийде жаза отырыңыз.

Бақытбек Смағұлдың жазбасы

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383