Cотталған адамдар біздің билік үшін адам емес
«Макс пен Талғат жоқ комиссияда Терещенко не істеп жүр», - деп сұрапты.
Мен жауап берейін.
Макс пен Талғат сотталған адамдар. Ал сотталған адамдар біздің билік үшін адам емес. Сол үшін билік өзіне ыңғайсыз адамдарды соттайды.
Бұл жолды бір кездері орыс колонизаторлары салып берген еді. Олар Құрманғазыны (конокрад деп) соттады, «кісен ашқан», «түрмеден қашқан», «қайран шешем» күйлері Оралдың, Тайпақтың түрмелерінде дүниеге келген туындылар. Махамбетті, Алаш арыстарын тұтастай, күш атасы Қажымұқанды, тарихшы Бекмаханов, әдебиетші, Абайтанушы Мұхамедхановты соттады, айта берсең көп...
«Ат жақсысын кермеден көр, ер жақсысын түрмеден көр», - деген мақал, сол кездерде шыққан мақал-тұғын.
Міне осы жолды тәуелсіз қазақ билігі жалғастырып әкетті. Бұрын орысқа өкпелесек, енді кімге өкпелемекпіз? Жер комиссиясын сіз бен біз емес, Үкімет құрды, сондықтан, олардың логикасы тұрғысынан, Макс пен Талғаттың комиссияда болмауы - заңдылық!
Абзал Құспан
Abai.kz