Бекқожа Жылқыбекұлы. Ессіз есек
Ессіз есек
Қодық ойнап тай-құнанмен,
құлын болып есепке
тіркелгенде,
ес қалмады
ана болған есекте,
есек ессіз десек те!
Есек құрлы бола алмай жүр рухым
қазы-қарта жесек те!
Көктем келді
Жауқазын гүлдеп,
келді көктем -
жерге құлап жаңбыр көктен,
тау басында бұлт тұр шөккен.
Сағынып қалыппын бал шуақ төккен
көктемнің күнін гүлге нұр сепкен.
Сағынып қалыппын жерге егін екен
көктемнің қолын шөлді бау еткен.
Құшақтап сүйейін көктемді беттен,
қош айтып қысқа,
қыр асып кеткен.
Тамаша мезгіл көктем бұл неткен
көктен нұр ентелеп,
ентігіп,
жеткен!
Ебелек
Ебелек-ау,
ебелек,
саған осы не керек?!
Нық отырсаң болмай ма,
тамырыңды жер ана
кіндігіне шегелеп?
Құла құйын аяғы
жамбасыңа тебелеп,
жарға қамап тастапты.
Енді отырсың көзіңнен
көк жаңбырың себелеп...
Ебелек-ау,
ебелек,
саған осы не керек?!
Көгендегі көк қозы
Туа салып, көк қозы, көген ілдің мойныңа.
Қызық көріп,
қарап тұр қора-қора қой мына.
Қоралы қой ішінен көгеніңді ағытар
Ессіз есек
Қодық ойнап тай-құнанмен,
құлын болып есепке
тіркелгенде,
ес қалмады
ана болған есекте,
есек ессіз десек те!
Есек құрлы бола алмай жүр рухым
қазы-қарта жесек те!
Көктем келді
Жауқазын гүлдеп,
келді көктем -
жерге құлап жаңбыр көктен,
тау басында бұлт тұр шөккен.
Сағынып қалыппын бал шуақ төккен
көктемнің күнін гүлге нұр сепкен.
Сағынып қалыппын жерге егін екен
көктемнің қолын шөлді бау еткен.
Құшақтап сүйейін көктемді беттен,
қош айтып қысқа,
қыр асып кеткен.
Тамаша мезгіл көктем бұл неткен
көктен нұр ентелеп,
ентігіп,
жеткен!
Ебелек
Ебелек-ау,
ебелек,
саған осы не керек?!
Нық отырсаң болмай ма,
тамырыңды жер ана
кіндігіне шегелеп?
Құла құйын аяғы
жамбасыңа тебелеп,
жарға қамап тастапты.
Енді отырсың көзіңнен
көк жаңбырың себелеп...
Ебелек-ау,
ебелек,
саған осы не керек?!
Көгендегі көк қозы
Туа салып, көк қозы, көген ілдің мойныңа.
Қызық көріп,
қарап тұр қора-қора қой мына.
Қоралы қой ішінен көгеніңді ағытар
бір қошқардың шықпауы қасқыр нармен қағысар,
ар-ұжданның азғындап,
селге сіңіп кеткені.
Құйындатып бұл күнде құлағыма жеткені -
боздаған жел үні мен қайыршы тал құраны,
үлбіреген үгіт пен ұрда-жықтың ұраны.
Айғай-аттан ішінде ұйқы көрмей үйім сұр,
қос өкпесін соққылап,
мылжаланып миым тұр.
Жүгiру
Тепкiсiнде тентек болып күн, жердiң,
жуас түйе секiлденiп жүнделдiм.
Жүнделген түн ұйықтап қалып,
жай тұрып,
жұмысыма әрең зорға үлгердiм.
Үлгердiм де,
естіп желден қызық үн,
газет-журнал қабырғасын мұжыдым.
Қайта шығып қара жолға,
жорғалап,
үстiменен үрейлi үннiң iзiнiң,
ұшып кiрдiм қарсыдағы қара үйге,
шаруасымен көкектің көк қызының.
Дүңгiршекке желiп жеттiм,
елпектеп,
мiнi үшiн қаламымның бiзiнiң.
Жеткiзу де керек боп тұр кеңкиген
кейкі басқа гүл көктем мен күз үнін.
Таңдайыма татып қалған жайы бар
Жайнаш жанның балмұздағы мұзының...
Қойшы, қойшы бәрiне де жүгiру
керек боп тұр...
Бiр шаруаның iзi мың.
Жүгiрмеген күні күңгірт қиялды
жүгiртем де,
көрем оның қызығын.
Өмір өңі
Тамшы тамып,
тырсылдап,
ән шырқап тұр жыршыл бақ.
Қайрақ сүйген ай маңдай
пышақ отыр қылпылдап.
Алма жүзді тырнауға
әуес боп тұр кір тырнақ.
Қарға-құзғын сөреден
бара жатыр құрт ұрлап.
Күннің күміс сақалын
ойнап отыр бұлт ырғап.
Шабытымның әйнегін
әдемі сөз тұр тырнап.
«Абай-ақпарат»