Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 10673 1 пікір 30 Наурыз, 2021 сағат 14:34

Сауат Мыңбаев қызметінен кетті

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаев қызметінен кетті. БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, ол денсаулығына байланысты осындай шешім қабылдаған.

«Сауат Мұхаметбайұлы жұлын жарақаты тым ауыр болғандықтан, өз орнын босатуға мәжбүр болды. Ол әлі де қозғала алмайды. Жағдайы өте ауыр. Сондықтан ол жұмыстан кету туралы арыз жазуға мәжбүр болды» ,- делінген хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы биыл 23 қаңтарда ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев спортпен айналысып жатқан кезде омыртқасынан жарақат алғанын, қазір ем алып жатқанын, денсаулығына еш қауіп жоқ екенін хабарлаған. Бірқатар ақпарат құралдары С.Мыңбаевты шұғыл түрде Германияның атақты «Шарите» ауруханасына жеткізгенін жазған-ды.

Айта кетейік, Мыңбаев мырза 2018 жылдың 20 қарашасынан бастап - «Қазақстан темір жолы» ҰК »АҚ басқарма төрағасы болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590