Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2948 0 пікір 10 Сәуір, 2012 сағат 12:39

Жарнама үшін жазаланады

Молдавия парламенті қабылдаған заң жобасына сай ендігі жерде мемлекеттік тілден басқа тілде, оның ішінде орыс тілінде кез келген жерге жарнама іле алмайсыз. Тіпті болмаған жағдайда молдаван тіліндегі аудармасы қатар берілуі керек.

Бұл ережені бұзғандар, яғни жарнаманы тек орыс тілінде бергендер заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Әрине, айыппұл мөлшері нақты емес. Дегенмен депутаттардың ұлтқа бүйрегі бұратын бір тобы ел ішіндегі бассыздыққа төзе алмай отыр. Олардың айтуынша, Молдавияда қалалар мен ауылдарда да мыңдаған жарнама ілулі тұр. Мұның қатарында жарнамалар, хабарландырулар, дүкен атаулары, заттардың бағалары және басқалар ұшырасады. Мұның өзінде басым көпшілігі румын тілінде сөйлейтін тұрғындардың құқын бұзу болып табылады (Молдавия конституциясы бойынша мемлекеттік тіл - молдаван тілі). Ал жарнаманың тек орыс тілінде болуы румынтілді азаматтарға қысым көрсету болып табылады.
Басқа тілде жарнама ілгені үшін айыппұл былайша қарастырылмақ: жеке азаматтар үшін 400-ден 3000 леев (30-дан 250 долларға дейін), заңды тұлғалар үшін 6000-ден 10000 леев (500-ден 850 долларға дейін).

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 991
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2536
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 696
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668