Нұрперзент Домбай. Арға түскен дақ кетпейді
Немістің бір ойшылының мынандай қанатты сөзі бар: «Адамды ұялтудың өзі – қылмыс». Түсінген адамға мұның астарында көп мағына жатыр. Оны айтасыз Мұхаммед Пайғамбардың хадисінде төрт нәрсеге төзуге болмайтындығы айтылады. Солардың бірі – адамды жаманатты ету, масқаралау, абыройын төгу.
Бұл мысалдарды неге келтіріп отырмыз? Мұндағы айтпағымыз адам үшін – Ар мен Абыройдың орны бөлек. Әсіресе, қазақ үшін. Біз ес біліп, етек жапқалы «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» дегенді бойға сіңіріп келе жатқан халықпыз.
Әр адам – өзінше патша, өзінше биік. Ешкім де өзін өзгелерден қор санамайды. Бір рет келетін ғұмырда әркім де еңсесін жоғары, кеудесін көтеріңкі ұстағанды қалайды. Осыны сезе, біле тұра адамдардың бір-бірін жамандыққа қиятыны, бір-бірін қаралап жататыны қандай өкінішті!
Бәрінен бұрын Пайғамбарымыздың өзі ескертіп, төзгісіз санаған сүйкімсіз іске қайбір газеттердің, журналистердің араласып жүргендігі жаныңды түршіктіреді. «Сонда газетте жазатын басқа тақырып қалмағаны ма?» деген ойға келесің.

Қазақтың Тәуелсіздікке ие болғаны кеше ғана. Әлі жиырма жылға да толған жоқ. Ата-бабамыз қанша жыл армандап, көксеген Еркіндік еді бұл! Былай қарағанда қазақтың алдында атқарылуға тиіс шаруа қыруар. Ұлттың жаны, нәрі саналатын – тілдің жағдайы қандай екендігі бесенеден белгілі. Жердің астындағы, үстіндегі қазынамызды ұқсатуда да жүзеге асырар ісіміз шашетектен. Халықтың санын көбейтуде де ойластыруға тиіс мәселелер бар… Санасақ саусақ жетпейді. Өкінішке орай, біз әлі «үй» ішіндегі «күйбең» тіршіліктен арыла алмай келеміз. Бізде ұлт мұратына бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара, жұмыла, қолтықтаса ұмтылу жетпей жатыр. Бұл жолда БАҚ, онда да баспасөз көп жұмыстар тындыра алар еді.
Қазақтың алдындағы маңызды мәселелерді нәтиже болатындай тереңірек көтеруге, елді ұжымдастыруға, бірлікке жетелеуге тиіс ұлт баспасөзі екіге жарылған. Бірін оқысаң, біріне қарағың келмейді. Кейбіреулерге сол «қарағың келмейтін» басылымдар ұнайтын секілді. Оларға біреудің әшкереленіп, ар-намысының тапталып жатқандығы майдай жағатындай.
Кезінде Ахаң – Ахмет Байтұрсынов арам ниеттілерге, жалақорларға күйініп:
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен,
Өз аулымның иттері үріп қапқаны, – демеп пе еді. Сол өз аулымыздың «иттері» әлі күнге «үруін» қоймай жүр. «Үруден» – арға тиюден, аяқтан шалудан жаңылар емес. Бұл үшін газеттерді пайдаланатыны, осыған басылымның тізгінін ұстап отырғандардың жол беретіні жаныңды жабырқатады.
Ар қардан да, сүттен де аппақ. Оған түскен дақ кете қоймайды. Сондықтан да армен ойнауға болмайды, әріптес.
Газеттің мақсаты адамды қарабет қылу, кекету-мұқату болмаса керек. Біздіңше басқа. «Ана тілінің» осы санында ақтөбелік ардагер журналист Нұрқайыр Телеуов жөнінде жазылған мақала шығып барады. Сексеннің сеңгіріндегі қария «Баспасөздің міндеті адамды тәрбиелеу, адамдықты, ізгілікті насихаттау болса керек» дегенді айтады. Көп жасап, көпті көрген ақсақал ғой. Қателесіп отырмаған болар. Журналистік кәсіптен түйгені бұл.
Нұрперзент Домбай
«Ана тілі» газеті 2 шілде 2009 жыл