Дүйсенбі, 18 Қазан 2021
Жаңалықтар 2103 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 19:56

Азиядағы үздік жүздіктің тізіміне қазақстандық бірде-бір ЖОО-ның ілінбеуі еліміздегі білім көрсеткішін анықтай ала ма?

oikokpar1081

«Вебометрикс» сайты бүкілдүниежүзілік ауқымда беделділігі мен студенттерге білім берудегі жемістілігі бойынша алты мың университеттің тізімін келтіріп, олардың рейтингтерін беріпті. Еуропаның жоғары оқу орындары ішінен мұнда Англияның Кэмбридж университеті, оған таяу орындарда Цюрихтегі Швейцария федералдық технология институты (ETH) мен Англиядағы Оксфорд университеті тұр. Дүниежүзілік тізімде ең бірінші орындарда Массачусетс технология институты, Стэнфорд пен Гарвард университеттері, Калифорниядағы Беркли кентінің университеті бар. Аталған сайт жариялаған дүниежүзілік тізім ішінде Азия университеттерінің атақ-даңқы жұпынылау екен. Атап айтқанда, Азиядағы алдыңғы бес орын төмендегідей жолмен үлестірілген: бірінші орында - Токио университеті (Жапония), екінші орында - Тайвань ұлттық университеті, үшінші орында - Киото қаласының университеті (Жапония), төртінші орында - Бейжің университеті (Қытай), бесінші орында - Гонконг университеті. Ал Қазақстан университеттері Азия университеттері рейтингі бойынша бірінші жүздікке де енбей қалыпты. Ал осы сараптама Қазақстандағы ЖОО-ның білім сапасына негіз бола ала ма?

0180

Аманхан Әлім, ақын:

oikokpar1081

«Вебометрикс» сайты бүкілдүниежүзілік ауқымда беделділігі мен студенттерге білім берудегі жемістілігі бойынша алты мың университеттің тізімін келтіріп, олардың рейтингтерін беріпті. Еуропаның жоғары оқу орындары ішінен мұнда Англияның Кэмбридж университеті, оған таяу орындарда Цюрихтегі Швейцария федералдық технология институты (ETH) мен Англиядағы Оксфорд университеті тұр. Дүниежүзілік тізімде ең бірінші орындарда Массачусетс технология институты, Стэнфорд пен Гарвард университеттері, Калифорниядағы Беркли кентінің университеті бар. Аталған сайт жариялаған дүниежүзілік тізім ішінде Азия университеттерінің атақ-даңқы жұпынылау екен. Атап айтқанда, Азиядағы алдыңғы бес орын төмендегідей жолмен үлестірілген: бірінші орында - Токио университеті (Жапония), екінші орында - Тайвань ұлттық университеті, үшінші орында - Киото қаласының университеті (Жапония), төртінші орында - Бейжің университеті (Қытай), бесінші орында - Гонконг университеті. Ал Қазақстан университеттері Азия университеттері рейтингі бойынша бірінші жүздікке де енбей қалыпты. Ал осы сараптама Қазақстандағы ЖОО-ның білім сапасына негіз бола ала ма?

0180

Аманхан Әлім, ақын:

Иә
- Кеңестік кезеңдегі білім сапасы қазіргіден әлдеқайда сапалы еді. Ал Тәуелсіздік алғаннан кейінгі егемен елдің білім саласы еліктеп-солықтау салдарынан даму орнына, кері кетіп барады. Өзімізше «дамыған мемлекеттерден қалыспаймыз, солармен иық тірестіреміз» деп, өзіміздің білім жүйеміздегі қалыптасқан даму дәстүрімізді бұзып алдық. Халқымыздың менталитетіне тән даму жүйесі жоқ болғандықтан, белгілі бір өркендеу жүйесін де таппай отырмыз. Мұның соңы сапалы білімнің берілмеуіне кеп тірелуде. Мысалы, біз әлі күнге ЖОО-да өз тарихымызды, шынайы экономикалық ахуалымызды оқыта алмай келеміз. Өз елінің жағдайын жақсы білмейтін ұрпақ мемлекетке қалай қызмет етеді?

Меніңше, қазіргі ҰБТ әдісі де бізге керек емес. ҰБТ стандартты ұрпақ қана қалыптастырып отыр. Ол ұрпақ тарихтағы оқиғаның қай жылы болғанын білгенімен, ол оқиғаның себеп-салдарын, кімдердің ұйымдастырғанын, яғни оқиғаның логикалық даму барысын мүлдем білмейтін ұрпақ. Мұндай білімде сапа бар деп айта алмаймыз.
Оның үстіне ЖОО-да демократия болмай, білім де болмайды. Ректорлар жоғарыдан тағайындалады да маңайына жемқорларды жинайды. Ал жемқор ұстаз жемқор ұрпақ тәрбиелейді. Баланың санасына білім болып құйылмай, ақшаға сатылған білімде сапа болмайтыны да өз-өзінен түсінікті. Сондықтан алдағы уақытта ректор, декан, кафедра меңгерушілерін сайлау арқылы тағайындау әдісін қолға алу керек.
Қазіргі таңда білім жөнінен Шығыс Батыстан төмен тұр. «Оқы! Оқы!» (Құран: 96:1-3) деп келетін Алланың қасиетті сөзін көкейіне түйіп өскен мұсылман баласының білім жөнінен артта қалып отырғаны ойлантпай қоймайды. Бүгінде Ислам әлеміндегі 57 елде 500-дей ғана университет жұмыс жасайды. Ал бір ғана АҚШ-тың өзінде - 5 758, Үндістанда 8 407 университет бар екен. Сондай-ақ әлемде ең озық 500 ЖОО болса, оған мұсылман елдерінен бірде-бір университет кірмейтін көрінеді. Тіпті христиан әлемінің орта деңгейінің 90 пайызы сауатты болса, ал мұсылман әлемі сауаттылығының орташа деңгейі 40 пайыз. Христиандардың 98 пайызы орта мектепті бітірсе, мұсылмандардың 50 пайызы ғана орта мектепті бітіргендер екен. Осы көрсеткіштердің өзі-ақ жалпы мұсылман әлеміндегі білім деңгейінің қаншалықты екенін сараптап беріп отыр. Тағы бір айта кетер жайт, АҚШ-та 1 млн адамға 5 000 оқымыстыдан келсе, бүкіл Араб әлемінде 1 млн адамға 50 техниктен ғана келеді екен. Кезінде мұсылмандардың атын әлемге жайған, Орта Азиядан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Әбу Райхан Әл Беруни, Ұлықбек секілді ғұламалардың ізін жалғастырушы ізбасарлары қазір неге жоқ? Сонда кешегі жеткен жетістіктерімізден де төмендеп бара жатқанымыз ба? Шындығында, біз қазіргі таңда білім деңгейі жөнінен Еуропаның, Азияның дамыған мемлекеттеріне қарағанда төмен екенiмiздi мойындауымыз керек.
Сондықтан апатты жағдайға жетпей тұрғанда әрбір жетістікке білім арқылы ғана жететінімізді ұғып, білім саласына аса көп назар аударғанымыз дұрыс.

0258

Рустам Алпысбаев, шығыстанушы:

Жоқ
- Мен университеттерге дәреже беретін халықаралық сарапшылардың пікірімен мүлдем келіспеймін. Олар өз беттерінше жылда рейтингтер жасап жатады. Өз басым олардың мұндай сараптамаларына сенімімнен күдігім басым. Өзіміздің ішкі жағдайымыз өзімізге белгілі ғой. Бізде де жетістікке жетіп жатқан ЖОО жетерлік.
Мәселен, жақында Қазақ-Британ техникалық университетіндегі инженер мамандығын даярлау әдісі халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін Ұлыбритания елі мойындап, жоғары баға берді. Сондай-ақ Лондон университеті екіжақты тәжірибе алмасулар негізінде Қазақ-Британ техникалық университетіне өз ЖОО-мен «теңестірілген университет» дәрежесін ұсынды.

Бұған себеп болған - ресми түрде еліміздегі Қазақ-Британ техникалық университетінің британдық стандарттар сапасына сай болуына байланысты халықаралық тіркеуге алынуы. Бұл - алдағы уақытта ҚБТУ ЖОО түлектерінің әлемнің кез келген бұрышында маман ретінде қызмет атқаруына кеңінен жол ашылды деген сөз. Еліміздің университеттерінің шетелден кем түспейтініне бұдан артық қандай дәлел керек? Осы орайда ҚБТУ Кембридж университетімен тең дәрежеде деуге де болады.
Аталмыш рейтингте АҚШ пен Еуропа елдерінің университеттері алдыңғы орындарда тұр. Ендеше сол университеттердің дәрежесімен теңестірілген біздің университет неге мүлдем тізімде жоқ? Сондықтан мұндай күлдібадам сараптамаларға сену қиын. Мысал келтірер болсақ, Рейтингте Еуропаның жоғары оқу орындары ішінен Англияның Кембридж университеті алдыңғы орында келеді екен (әлем бойынша бұл университет 28-ші орынды иемденген), ендеше аталмыш университетке теңестіріліп отырған ҚБТУ бұл тізімнің «жүздігіне» мүлдем енбей қалуы қалай?
Негізінен, «Өркениет шығыстан бастап дамыған» деп жатады. Осы орайда көп нәрселерде батысты мойындатқанымыз да рас. Біздің күнделікті өмір барысында қолданылып, тұрмыстық қажеттілік ретінде ғана қарап жүрген көптеген нәрселер ғасыр өткен соң оларда ғылым ретінде қорғалып жатады. Тағы бір атап өтер жайт, еліміздегі жоғары сынып оқушылары математикалық ойлау жүйесі жөнінен әлем бойынша Ресей мен Америка елдерін де артқа тастап, 5-ші орынға табан тіреді. Бұл - еліміздегі жастардың білім сапасының жоғары деңгейде екенінің айғағы. Бір ҚБТУ ғана емес, еліміздегі көптеген ЖОО қарқынды түрде дамып келеді. 75 жылдық тарихы бар ҚазҰУ, Қыздар педагогикалық университеті, Алматы Гуманитарлық университетін бітірген талай жастардың еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жатқаны да, университеттеріміздің сапалы білім беретінінің айғағы.
Айта кетер жайт, Еуропа қолда бар дүниесін ұлықтай біледі. Біз де қолда барды дәріптеп, көрсете білсек, талай нәрсеміздің көзі ашылар еді.

Бейтарап пікір:
Рахман Алшанов, ҚР ЖОО Қауымдастығының президенті:
- Негізі, біз талапқа сай болмағандықтан емес, байқауды білмегендіктен қатыспай қалу салдарынан еленбей қалдық деуге болады. Жақында Астанада ең үздік ЖОО анықтап, сараптау шарасына қатысу жөнінде басқосу болып өтті. Ол байқаудың өз талаптары бар. Дүниежүзінде 14 мың университет бар. Алайда оған бәрі бірдей қатысқан жоқ. Осы орайда біздің де көптеген ЖОО алдағы уақытта қатысуға ниет білдіруде. Ал биыл олар сыртымыздан осындай баға беруде. Сырттай берілген мұндай  баға еліміздегі жоғары оқу орындарының нақты білім көрсеткіші бола алмайды.

 

 

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

«Алаш айнасы» газеті 2 шілде 2009 жыл

 

0 пікір