100 теңгеден туған төбелес
Көлігіне күші сай славян нәсілді азамат атақты «Алтын орда» базарына келді. Оның майда ақшамен қолма қол төлем жасауды талап еткен парковщик Қазақ жігітімен төбелесі Алдыңғы әкім Бауыржан Байбектің Алматының көлік тұрақтарын модернизациялау жобасының қала іргесіне жетпегенін, толық жүзеге аспағанын көрсетті. Базар әкімшілігінің көлік тұрағын автоматтандырмағаны былай тұрсын, онлайн төлем жүйесін де жолға қоймағаны, қысқартып айтқанда цифрланбағаны мәлім болды. Қалтасына бүтін жиырма мың салған Орыс жігіті де, каспи голды жоқ Қазақ жігіты де бұл фактыні қаперіне алмады. Анығында бір - біріне түсіндіргілері келмеді. Сезімге бой алдырды. Крутой килент қоғамдық ортада өзін үйінде, «Частный территория»да жүргендей ұстаса, Тұрақ қараушы парковщиктің ең басты қағидасы «Любой дурак пен айқайласпау керек» екенін ұмытты.
Қалада эпидемиялық ахуал ушығып, карантин күшейген уақытта «Алтын орда» да сауданың ғана емес, төбелестің де қызып тұрғаны ел назарын аударды. Қоғамдық белсенділігі әлеуметтік желіде пост жазудан ары аспайтын сөзуар жұрт жүз теңгеден туындаған төбелеске ұлттық , саяси сипат беріп сан саққа жүгірітті. Крутой жігіт өзін белгісіз біреулердің аңдып жүргенін айтып, оқиғаны шиеленістіре түсті. Ең қызығы бүл төбелестің басталуынан аяқталуы тез болды. Әлем желі белсенділері базардағы төбелеске қоғамдық адуакат болып, екі тараптың әрекетіне заңдық тұрғыдан түрлі сипаттама беріп , қызыл кеңірдек болып айтысып жүргенде, мына жақта төбелескен екі тарап татуласып үлгіріпті. Крутой клиенттің бүлінген машинасының, парковщик жігіттің сынған мұрынын құнын кім төлейтіні көпшіліке белгісіз күйінле қалды.
Осылайша Қазақстанның Алматы қаласының атақты «Алтын орда» базарындағы 100 теңгеден туған төбелесті арқау еткен мелодрама шарықтау шегіне жетпей, тосыннан аяқталды.«Өспейтін елдің баласы өнбейтін дауды қуады» деген бабалардан қалған сөздің жаны бар - ау, тегінде?!
Есбол Үсенұлының жазбасы
Abai.kz