Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026
5315 1 пікір 6 Сәуір, 2021 сағат 13:24

Президент отандық БАҚ-қа неге сұхбат бермейді?

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли отандық БАҚ-қа президенттің неге сұхбат бермейтінін айтты. Бұл туралы ол "Хабар" арнасындағы сұхбатында баяндаған. .

"Мен президент отандық БАҚ-қа сұхбат бермейді дегенге келісе алмаймын. Өздеріңіз білетіндей ол "Ана тілі", "Егемен Қазақстанға" сұхбат берген болатын. Жалпы көп сұхбат беріп, сөйлеп, пікір алмасуға қарағанда, Президент нағыз істің адамы десем болады. Көп жағдайда ол сөзге қарағанда, іске мән береді. Тапсырма беріп, оның орындалуын қадағалайды. Ал егер телеарналарға келетін болсақ, онда бұл жоспарда бар, жақында сұхбат береді", - деді ол "Хабар" арнасына берген сұхбатында.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1698
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1458