ІІМ Алматы Академиясында халықаралық конференция өтті
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халықына жолдауында «Өзгерістердің басты мақсаты – халықтың қауіпсіздігі мен әділеттілік, заңның бәрінен жоғары тұруын қамтамасыз ету» деген болатын. Осыған орай, ІІМ Алматы академиясында «Қылмыстық сот төрелігің үш буынды моделі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі» тақырыбында онлайн-байланыс форматта бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Конференцияны Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев ашып, «Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының тапсырмасын орындау үшін сотқа дейінгі тергеу саласында елеулі реформа жүргізіліп жатқанын, қылмыстық сот төрелігінің үш буынды моделін енгізу өзінің алғашқы нәтижесін бере бастады. Жыл басынан бері азаматтардың конституциялық құқықтарын және қылмыстық істерді тергеу мерзімдерін бұзу айтарлықтай азайды, сондай-ақ жаңа тәртіп енгізілгеннен бері прокурорлармен 52 мыңнан астам процессуалдық шешім келісілгенін оның ішінде 22-мыңын – тоқтату, 10 мыңының – мерзімдерін тоқтату, 13- мыңын – күдікті деп тану, 7 мыңын – әрекеттердің біліктілігі туралы болды. Жүргізіліп жатқан өзгерістердің басты мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін жоғары халықаралық стандарттарға сай, арттыру болып табылады» деді.
Конференция модераторының тізгінін - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры атқарушы Директорының орынбасары И. Рогов ұстады.
Аталған конференцияда ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров құттықтау сөз сөйледі, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің мүшесі Үнзила Шапақ, ҚР ІІМ жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы, профессор М.Қоғамов, ІІМ басшылығының, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Бас прокуратурасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Қазақстандық және халықаралық ұйымдар, сондай-ақ Қырғыстан, Ресей және Өзбекстан сарапшылары, басқа да отандық жетекші және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еліміздің жетекші жоғары оқу орындары баяндама жасады. Академияның 1-ші факультетінің тыңдаушылары және профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
Аталған конференцияда /Қылмыстық сот өндірісінің үш буынды моделі, ғылым мен практиканы интеграциялау шеңберінде сотқа дейінгі іс-жүргізу проблемаларын шешудің өзекті мәселелерін, ғылым мен практиканы интеграциялаудың, полиция академияларының ғылыми білім беру қызметі аясындағы позицияларын жетілдірудің, ведомстволық білім беру жүйесін оңтайландырудың, тәжірибеге бағытталған оқу бағдарламаларын және жаңа арнайы курстар мен пәндерді енгізудің өзекті мәселелерін кеңінен талқыланып, қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшуге байланысты мемлекеттік органдардың өкілеттіктері нақты бөлінгенін:
- Полиция – қылмыстарды ашады, қатысы бар адамдарды анықтайды, айғақтарды жинайды және бекітеді.
- Прокуратура дәлеледемелерге баға береді, азаматтардың құқықтарын бұзудың жолын кеседі, сотта айыптауды қолдайды.
- Сот – органдардың іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды және түпкілікті үкім шығаратындығы талқыланды.
Өткен Халықаралық конференция – бұл ішкі істер органдарының жүйесі үшін өте маңызды оқиға болып саналады,- дейді Академия бастығы, полиция полковнигі А.Сайтбеков,- Біздің академиямызға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепілдігі ретінде сот төрелігінің үш буынды моделіне арналған бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізуге жүктелген жауапкершілік жоғары нәтиже берді. Ол сондай-ақ, келешек Қазақстан полициясын транформациялаудың болашағы нық сеніммен жоғары деңгейге жетуіне академиялық курстар ықпал ететінін әрі өз нәтижесін беретінін жеткізді.
ФОТОДЕРЕК:
Abai.kz