Қырғызстандықтар жаппай митингіге шықты
Қырғызстандықтар Ішкі Істер министрлігінің алдында митинг ұйымдастыруда. Олар 5 сәуір күні 27 жастағы Айзада Қанатбекованы ұрлап, артынша өлтіріп тастаған сұмдық оқиғадан кейін наразылық білдіріп, митинг өткізуде.
Митингке қатысушылар министр Ұлан Ниязбеков пен Бішкек қаласының ішкі істер басқармасының басшысы Бақыт Матмусаевты орнынан алып тастауды талап етуде. Наразы топқа арнайы өкіл шыққанымен, олар оның сөзіне құлақ аспады. Митингіге жалпы жиынтығы 200-ден астам адам жиналған.
5 сәуір күні белгісіз азамат 27 жастағы Айзада Қанатбекованы көлігіне салып, ұрлап кеткен. Іздеу шаралары барысында көлік табылды. Көліктің ішінде Айзаданың және күдікті деп танылып отырған азаматтың денесі табылған. Алдын-ала болжам бойынша күдікті қызды қылқындырып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған. Бұл оқиға Қырғызстан халқын дүр сілкіндірді.
Abai.kz