Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2170 0 пікір 16 Сәуір, 2012 сағат 06:16

Гүлмира Қыпшақ. Бірдің кінәсін мыңға артқаны несі?!

Не шықса да Шымкенттен шығады» деп өз-өзімізді жұбатып жүргенде мұндай жағдай Астанада да тіркелді».

Бұл - Астана қаласындағы құзырлы органдардың ғимаратына ілінген жыртық ту жайлы журналист Илхамның «Ілмекке» ілгені.  Бағдарлама 31 наурыз күні 7-ші арнаның «Нысана» бағдарламасында көрсетілді.

Ту туралы сөз басқа, әрине. Менің айтайын дегенім  журналистің ел алдында  сөйлеу білу мәдениетінің төмендігі туралы болып тұр. Түптеп келгенде, «Не шықса да Шымкенттен шығады» деген сөзі үшін халық алдында ол кешірім сұрауы тиіс. Мен шымкенттік болмасам да, журналистің миллиондаған көрермен алдында осылай сөйлегеніне қарным ашты.

Тағы да сол жетінші арнада, жаңалықтарда «Астанаға жезөкшелердің көбі оңтүстік өңірлерден келеді екен» демесі бар ма?  Қандай дәлелге сүйенгенін айтпады. Тағы да сауатсыздық. Айналайын-ау, күн сайын сотта ұрылар, алаяқтар, кісі өлтіргендер сотталып жатыр. Солардың үш-төртеуі батыс өңірінен болса, «Ұрда соқтардың көбі батыстықтар» деп айтуға ауыз бара ма?

Р.S ... Елдің, жердің киесі болады. 7-арна журналистері соңғы кезде «тыңнан түрен» саламыз дейді. Дұрыс, алайда көпті ренжіткеннің аяғы көктен келеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510