Өзбекстан Қарабаққа мектеп сыйлайды
Өзбекстан Қарабақты қалпына келтіру жұмыстарына барынша көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы Өзбекстан өкілдері Бакуде өткен Түркі кеңесінің медиа саласы бойынша жиында айтты.
Өзбекстанның ең үздік мамандары жақын арада азат етілген аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарын бастамақ.
«Қазір біз қалпына келтіретін нысандар бойынша тізім жасап жатырмыз. Қайсысына Өзбекстан қатысатыны да анықталып жатыр. Маған белгілі болғандай, әзербайжан халқына сый ретінде бір мектеп салып бермекпіз»,- деді Өзбекстан өкілі Асаджон Ходжаев.
Abai.kz