Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026
4459 1 пікір 13 Сәуір, 2021 сағат 12:33

Вакцина алу Оразаны бұза ма?

Қасиетті Рамазан айында вакцина алуға болады. Бұл туралы Байқоңырдағы «Жәрімбет әулие» мешітінің имамы  Өміржан Топжанов айтты. 

Наиб-имам Рамазан айында Ораза ұстау әр мұсылманның парызы екенін де айта кетті.

«Сіз Ораза ұстағаныңызды ұмытып су ішіп яки тамақ жесеңіз онда оразаңыз бұзылмайды. Сол сияқты медициналық мақсатта, қаралу үшін қан өткізсеңіз де оразаңыз бұзылмайды», - деді имам Топжанов.

«Көпшілікті вакцинация бойынша сұрақтар алаңдатып отыр. Вакцина алу Оразаны бұзбайтынын айтқым келеді. Бұл туралы ҚМДБ өкілдері де бірнеше мәрте айтқан болатын», - деді наиб-имам.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1716
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1474