Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2252 0 пікір 16 Сәуір, 2012 сағат 13:12

Мырзагелді КЕМЕЛ: ҚАЗАҚҚА ЕТ ЖЕУДІ АЗАЙТУ КЕРЕК

Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

- Елімізде ет бағасы  да күрт өсіп, қазір тіпті  Еуропадағы бағамен теңесті.  Жалпы мал  баққан ел бола отырып осындай қымбатшылыққа жол беруіміздің себебі неде?

- Біз еттің қымбаттағанынан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Неге десеңіздер, бүгінде халықтың 50 пайызы ауылдық жерде тұрады, оның 80 пайызы өзіміздің қазақтар, демек етті нарыққа шығаратын да, одан пайда түсіретін де қарапайым тұрғындар ғой. Ал қала халқы болса, осыдан кейін етті аз жеуді үйренетін шығар. Жалпы Қазақстанда етті көбейтудің мүмкіндігі зор. Халық мал бағу кәсібін жақсы меңгерген, енді тек оларды ұры-қары, барымташылардан қорғауды үйренуі керек. Сондай-ақ Қазақстан мал етінің сапасы жағынан Еуропаның алдында мақтана алады. Себебі өніміміз өте құнарлы, жұғымды.  Ал еуропалық ет тек  жасушадан тұрады, қайнатып, нан салып жеуге келмейді.

- Дегенмен  алдағы уақытта еттің бағасы қайта төмендеп, не өсуі мүмкін бе?

- Қазақстанда бір нәрсе қымбаттаса, қайта бағасының түспейтініне үйреніп қалдық қой. Ет пен ет өнімдері баға жағынан өзінің шегіне жетті деп айтуымызға болады. Ендігі уақытта оның құны төмендемейтіні белгілі, сонымен бірге әзірге  өспеуі де мүмкін. Жалпы бұл шошитындай нәрсе емес. Мысалға алсақ, Өзбекстанда еттің бағасы біздікінен де қымбат. Бірақ олар етті үнемді қолданады. Егер біз 15 адамға 60 келі ет асатын болсақ, олар 3 келі етпен-ақ  15 адамды күтіп алады. Қыстың күні қазақтар бір жылқы, бір ірі қара сойып алады. Осыдан кейін әрине ет жетпейді. Енді соның біреуін қысқартуға тура келеді.

- Мамандар ет бағасының қымбаттауын мал санының аздығымен байланыстырады. Осыған қалай қарайсыз?

-Бұл - қате пікір. Мал саны жеткілікті. Бірақ, біз халықаралық нарықпен өмір сүруіміз  керек. Ет  бағасының  халықаралық нарыққа сәйкес болғаны жөн. Басқаларын айтпағанның өзінде Ресей, Беларуссиямен теңесуіміз керек. Олай болмаған күнде, мал  контрабандалық жолмен шетелге шығарылады. Қазірдің өзінде ондай деректер көп. Тағы бір айтарым, болашақта ауылдағы  малымыз халықаралық стандарттарға сай келмей қалуы мүмкін деген пікірлер айтылып жүр.   Бұл да дұрыс емес. Бізде әр аймақтың өзінің табиғат жағдайына бейімделеген  малы бар. Олар сол күйінде сақталып қала береді. Сонымен бірге асыл тұқымды малдар да жеткілікті. Тек соларды жетілдіріп, көбейтіп өсіре беру қажет. Әрине, бұл-әр шаруаның өзінің жеке жұмысы. Оған мемлекет жәрдемдеспейді.

- Шетелдік асыл тұқымды ірі қараға  неге мұқтаж болып отырмыз? Ол жақтан жеткізілетін  әр сиырдың құны  10 мың долларға дейін барады. Бұл ақшаны желге шашу емес пе?

- Енді бәрі жоспарға байланысты ғой. Егер оларды тұқымдық бұқа ретінде пайдаланатын болсақ, одан бірнеше бұзау туатын болса, онда ақша желге ұшпайды. Оларды ешкім бірден бордақылайын деп жатқан жоқ қой. Сосын шетелдік ірі қараны кім көрінгенге үлестіріп жатқан жоқ. ҚазАгро мамандары таулы, теңіз деңгейінен 500 немесе 900 метр биік орналасқан жерде аталған малды өсіруге болмайды деген сияқты нақты-нақты нұсқаулықтар береді. Мәселен, герефорд және ангус сияқты ірі қара тұқымдары Нарынқол жерінде ұстауға жарай ма, жоқ жарамай ма мамандар соны анықтайды алдымен. Егер жарамаса, «оданша  ақбас сиырыңды асырай бер» дейді. Ол жерде шетелдік малдың келешегі жоқтығын бірден айтады. Өз басым «ҚазАгро» бағдарламасының нәтиже беретініне сенемін.

- «ҚазАгро» демекші, осы холдингтің  несие алушы шаруаларға қойып отырған талабы ауырлау сияқты. Мәселен, ақша алу үшін кепілдікке қоятын қалада үйің болу керек деген талапты кез-келген қарапайым ауыл тұрғыны орындай алмайды. Осы жағын реттеуге болмай ма?

- Кеңес үкіметі кезінде банктер кепілсіз ақша беретін. Осыған біздің халқымыз әбден үйреніп алған. Ал оның соңы мемлекеттің күйреуіне алып кеп соғатынын ешкім біле бермейді. «ҚазАгро»-да қызмет еткен адам ретінде айтайын,  басқа елдерде егер несие алатын болсаңыз, сіздің түп-тұқияныңызға дейін тексереді. Мәселен, жасыңыз 45-тен асса, сіздің ақшаңызды қайтаратын артыңызда балаларыңыздың жағдайы қандай, үйлері, жұмыстары, банктегі есепшоттарында жалақысының жартысын сақтап қоятын мүмкіндігі бар ма, соның бәрін анықтайды. Бізде жеті түрлі талап  болса, олар  жетпіс түрлі талап қояды. Сондықтан біздің талаптар аса ауыр емес. «ҚазАгро»-ны кәдімгі банктермен салыстыруға болмайды. Мәселен, холдинг 6 пайыздық несиені жеті жылға дейін береді, алғашқы екі жылда оның өсімін алмайды, сіз несиені жылына екі-ақ рет төлейсіз, бір мәрте ғана төлеймін десеңіз де ерік өзіңізде. Мұнымен салыстырғанда  банк ақшаны ай сайын талап етіп отырады және өсіммен. Мемлекетке тек  «бере бер» деп қарап отыра берудің қажеті жоқ. Оның бәрі-халықтың жалақысынан алынған өсіммен, салық өсімімен, зейнетақы қорларындағы ақшамен, басқа да түрлі жолдармен жиналған халықтың өз ақшасы. Қаржыны оңды-солды шаша беруге болмайды ғой.

Сұхбаттасқан -Нұрмұхаммед МАМЫРБЕК

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499