Вируспен күреске 265 млрд теңге бөлінеді
Қазақстан Үкіметі 2021 жылдың бюджетін тағы да нақтылады. Жаңа бюджетке сай пандемиямен күреске 265 млрд теңге қаржы бөлінбек. Қаржы министрі Ерулан Жамаубаевтың сөзінше бюджетті нақтылау кезінде "Nur Otan" партисының сайлауалды бағдарламасы мен президент жолдауын іске асыру мәселесі де ескерілген.
Бюджет шығындары 1,3 трлн теңгеге дейін ұлғайып, 15,3 трлн теңгені құрады. Пандемиямен күреске қосымша 265 млрд теңге қаржы бөлінген. Президент жолдауындағы басым бағыттарды іске асыру үшін 154 млрд теңге қаржы жұмсалмақ.
Abai.kz