Дүйсенбі, 26 Қазан 2026
4393 4 пікір 22 Сәуір, 2021 сағат 11:55

Чехия Ресейге қатаң ультиматум қойды

Чехия Ресейге қатаң ультиматум қойды. Ультиматум бойыша Ресей елден шығарған чех дипломаттарын  22 сәуір, сағат 12:00-ге дейін қайтаруға шешім шығармаса, онда Чехия өз еліндегі Ресей дипломаттарының санын Мәскеудегі чех дипломаттарының санымен теңестіреді.    

Чехия өткен аптада Ресейдің 18 дипломатын елден шығарған еді. Жауап ретінде Ресей Чехияның 20 дипломатын елінен шығарды. Қазір Мәскеудегі Чехия елшілігінде бар болғаны 5 дипломат қана қызмет етуде. Ал Чехиядағы Ресей елшілігінде қызмет ететін Ресей дипломаттарының саны әлдеқайда көп.

Кремль бұл ультиматум ештеңені шешпейтінін мәлімдеді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1215
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1696