АҚШ Украинаға әскери көмекке 300 млн доллар береді
АҚШ-тың сыртқы істер бойынша комитеті 21 сәуірде "Қауіпсіздік саласындағы Украинамен әріптестік" жобасын бірауыздан қолдады. Құжат бойынша енді Украинаға көрсетілетін әскери көмек жыл сайын артып отыратын болды.
Комитеттің төрағасы Роберт Менендес жаңа заңның аясында АҚШ Украинаға көрсететін көмекті арттыруы тиіс екенін айтты.
"Украина шекарасында мыңдаған Ресей әскерилері топтасып, әскери жағдай қиындай түсті. Бұл заң жобасы Украинаны қолдайтынымызды білдіретін нағыз әлемге жіберілген сигнал болып табылады", - деді ол.
Украинаның АҚШ-тағы елшісі Оксана Маркарова алғашқы көмек ретінде 300 млн доллар қаржы бөлінетінін жазды. Сонымен қатар енді Украинаға АҚШ ұшатын әскери техникаларды да табыстауға келісті.
Abai.kz