Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2413 0 пікір 19 Сәуір, 2012 сағат 11:20

«Жердің жүзін айнала» атты облыстық көрме-байқауы

2012 жылдың 24-25 сәуір күндері сағат 14.00-де Шығыс Қазақстан өнер мұражайы «Жердің жүзін айнала» атты облыстық көрме-байқауының ашылуына шақырады.

Достар, «Бремен музыканттары» мультфильмінде шырқалған «Жер жүзінде саяхат жасаудан артық ештеңе жоқ»- деген өлең жолдары естеріңізде болар? Шынымен де, жолдар бізді үйден алысқа шақырып, көкжиектен шалғай жатқан жерлерге бүкіл әлемді шарлауға шақырады. Біздің қайсымыз алыс елдерге саяхат жасауды, Африка саваннасында қызғылт күннің батуын көруді, арыстандардың қаһарлы ақыруы мен пілдердің баяу жүрісін естуді, ыстық джунгляда экзотикалық құстардың көз жауын алатын қанаттарының ашылуын көруді, жылдам кеменің палубасында теңіздің тұзды ауасын жұтуды, теңіз тұңғиығында әсем дельфиндердің секірулерін тамашалауды, ал шалғай Антарктидада күнге шағылысқан аппақ мұздардың арасында қара фрак кигендей томпиған пингвиндердің балпиған жүрісін көруді армандамадық?  
Шығыс Қазақстан өнер мұражайында «Жердің жүзін айнала» атауымен кезекті он төртінші балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауы ашылады. Іс-шараның мақсаты: бейнелеу өнерімен байсалды айналысатын балалардың жаңа есімін ашу, дарынды балалар мен жастарды қолдау, олардың көркемсурет шығармашылығын зерттеу.

Көрмеге жалпы білім беру мектептері мен интернаттар, бейнелеу студиялары, өнер мектептері және қалалар: Өскемен, Риддер,  Шемонаиха,  Аягөз, Зырян,  Семей, Зайсан; сондай-ақ, Глубокое, Ұлан, Үржар,  Аягөз,  Күршім,  Бородулиха, Көкпекті аудандарының көркемсурет мектептерінен 300-ге жуық тәрбиенелеушілер қатысты. Экспозицияға 259 кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер жұмыстары енді.
Риддер қаласының балалар көркемсурет мектебі дәстүрлі мықты жұмыстарын ұсынды. Байқаудың Бас жүлдесіне Ляхова Кристинаның түсі мен бейнелері жағынан көрікті «Африка» туындысы ие болды. Қ.Д.Нұрсадықов жетекшілік ететін «Сурет» бейнелеу студиясы балаларының туындылары ерекше. Аса шеберлікпен орындалған Ельдар Құрмановтың «Сәт сапар» суретіне Бас жүлде берілді. Ауыл мектептерінің оқушылары да жоғары деңгей көрсетті. Бородулиха ауданы Ауылынан келген Байшева Настя «Коломнадағы күз» туындысы үшін Бас жүлдеге ие болды. Тағы бір Бас жүлдені қазылар алқасы Өскемен қаласы №38 мектеп-гимназиядан Сидоренко Янаның таңдаулы «Италия-Венеция» графикалық жұмысына берді. 
Жылдан жылға жас суретшілердің шеберлігі өсе түсуде. Көрмеде ұсынылған жұмыстардың көп бөлігі - кескіндеме, графика - бізді техника, стиль және жанрлардың әр түрлілігімен қуантады. Стильдік әр түрлілік реализмнен абстракциялық кескіндемеге дейін көрсетілген. Жанрлық әр түрлілік те соншалықты жоғары: тақырыптық суреттер, портреттер, пейзаждар, анималистік жанрдағы жұмыстар, қиял-ғажайып. Сәндік қолданбалы өнер әрдайым қолданылатын материалдардың әр түрлілігімен ерекшеленеді. Батиктер, кілемдер, витраждар, атлас баулармен кестелеу, тұзды қамырдан жасалған бұйымдар, сабан және коллаждан жапсырма, жұмсақ ойыншықтар көрмеге көрік беріп тұр. 
Көрме жас суретшілердің ой-өрісінің дамуына, білімдерінің нығаюына, шеберлігін арттыруға және де әлем халықтарының мәдениеті мен дәстүрлеріне көңіл аударуға ықпал етеді деп сенеміз. 

Қош келдіңіздер!

http://culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=section&layout=blog&id=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388