Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
5603 2 пікір 26 Сәуір, 2021 сағат 17:10

АҚШ Әлішер Усмановқа санкция салуды ұсынды

АҚШ-тың Хельсинки комиссиясы Джо Байден әкімшілігіне қамауда отырған ресейлік саясаткер Алексей Навальныйды қолдайтын белсенді әрекеттерге көшуді ұсынды.

Комиссия мәлімдемесінде Ресей президенті Владимир Путин айналасындағы ірі кәсіпкерлерге қарсы санкция енгізу керектігі айтылған.

"Енді ол Ресей түрмесіне қайтадан түскен соң, біз Навальныйдың президент Путинге ең жақын адамдарға, соның ішінде Роман Абрамович, Әлішер Усманов, Игорь Шувалов және Николай Токарев сынды танымал олигархтарға санкция салу туралы ұсынысын қарауымыз керек", - деді сенатор Уикер.

Алексей Навальныйдың жемқорлыққа қарсы күреске арналған зерттеуінде осы олигархтардың есімі аталды. Саясаткер оларды санкция тізіміне қосуды ұсынған. АҚШ Навальныйды қудалауға қатысы бар жоғары лауазымды бірнеше тұлғаға санкция салған, бірақ олардың арасында кәсіпкерлер жоқ.

АҚШ президенті Джо Байден Ресей билігінен саясаткер Навальныйды босатуды талап етіп отыр.

Колонияда отырған Навальный үш апта аштық жариялады. Өткен аптада оған сырттан дәрігер жіберген соң ол наразылық акциясын тоқтатты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 539
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1878
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 475
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 442