Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 4233 0 пікір 27 Сәуір, 2021 сағат 15:28

QR-кодты орналастыру туралы

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті  ҚР ҚМ     2020 жылғы 24 желтоқсандағы №1232 бұйрығымен бекітілген салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мақсатында жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер QR-кодты  (штрих-кодты) Мемлекеттік кірістер комитетінің  веб-порталы арқылы (https://kgd.gov.kz) алып БКМ орналасқан жерлерде түрлі-түсті форматта орналастырылуы тиіс.

Салық төлеуші QR-кодты (штрих-кодты) алу үшін порталдағы «Ақпараттық ресурстар» қосымша бетінде белсенді терезеде ЖСН/БСН, бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін енгізу, «басып шығару» батырмасын басу арқылы QR-кодты қалыптастыратынын мәлімет үшін хабарлаймыз. Бұл ретте ақпаратты сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бір пайдаланушыға тәулігіне QR-кодты алуда 5 реттен артық емес шектеу белгіленген.

Алынған QR-код (штрих-код). QR-код фискалды чек берілмеген, тауарлар үшін төлемді банк картасымен қабылдаудан бас тартқан, алкоголь өніміне лицензия болмаған жағдайда кәсіпкерді сатып алушылармен сәйкестендіру үшін қажет. Аталған жағдайларда сатып алушы пилоттық жобаға қатысушыға қатысты шағымды қағаз жеткізгіште немесе мобильдік қосымша арқылы мемлекеттік кірістер органдарына жіберуге құқылы.

Сатып алушыдан шағым түскен кезде МКД шолып тексеруді жүргізу туралы шешім шығарады және шешімді мемлекеттік кірістер органының Интернет-ресурсында шолып тексеруді жүргізуге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын орналастырады.

Шолып тексеру мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасымен

сатып алушымен ақша операцияларын жүргізу кезінде пилоттық жобаға қатысушының іс-қимылдарын міндетті түрде бейнебақылау және (немесе) фотоға түсіру құралдарын қолдана отырып, сондай-ақ бейнекамераның көмегімен сауда объектісінің сөресінде алкоголь өнімінің бар немесе жоқ екенін жүргізеді.

мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғалардың бейне және фотофиксациясы бар материалдарды сақтауы МКБ басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адамдарға жүктеледі.

Шолып тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша МКБ қызметкері шолып тексеру актісін жасайды.

Бұзушылықтар тіркелген жағдайда, бұзушылыққа жол берген пилоттық жобаға қатысушы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Салық төлеуші өзінің объектісінде QR-кодты (штрих-кодты) орналастырудан бас тартқан жағдайда, бірінші рет, бұзушылықты жою мерзімдерін көрсете отырып, заңнама нормаларын елемеген жағдайда, кәсіпкерге қол қойғызып, жадынама (хабарлама) тапсыру қажет. Салық төлеуші жаднамада (хабарламада) көрсетілген бұзушылықтарды жою мерзімдерін елемеген жағдайда ӘҚБтК-нің 288-бабының нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту қажет.

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша бойынша МКБ бас маманы Ш.Әлішер

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1526
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3304
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5924