Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Арылу 7128 7 пікір 4 Мамыр, 2021 сағат 11:34

Өзбек депутаты: КСРО туын көтеру - өзбек халқын қорлау

Өзбекстанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының төрағасы Әлішер Қадыровтың мәлімдеуінше, оның партиясы Ташкенттегі «Истиклол» өнер сарайы алдындағы концерттегі «арандатушылықты» қатаң түрде сынайды.

Қадыров Telegram-арнасында жариялаған мәлімдемесінде «Миллий тикланиш» партиясы өнерге қарсы шықпайтынын, бірақ өнерді саясатта қару ретінде пайдалануды қолдамайтынын айтты.

«Біз өнерге қарсы емеспіз, біз өнердің саяси қаруға айналуын қаламаймыз. Астананың қақ ортасында біздің ата-бабаларымызды, өзбек зиялыларын қырған, басқыншы Совет мемлекетінің туын көтеруін өзбек халқын қорлау деп есептейміз», – деді Әлішер Қадыров.

Партия төрағасы Бас прокуратураның «арандату әрекетіне берген бағасын» күтіп отырғанын мәлімдеді.

КСРО-ның қызыл туы 1 мамырда «Хор Турецкого» және Сопрано (Ресей) ұжымдарының концерті кезінде желбіреген. Бұл концерт «Истиклол» өнер сарайы алдындағы алаңда «Жеңіс әндері» жобасы аясында ұйымдастырылған.

Қызыл туды көтеру сәтінде түсірілген сурет концертті ұйымдастырушылардың бірі – «Россотрудничествоның» Өзбекстандағы мекемесінің парақшасында жарияланды. Ресейдің Өзбекстандағы елшісі қызметіне жақында ғана тағайындалған Олег Мальгинов «Жеңіс әндері» концертінде сөз сөйлеген.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1343
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930