Жұма, 22 Қараша 2024
4426 0 пікір 4 Мамыр, 2021 сағат 11:54

АҚШ: Қытай ішінде репрессия, ал сыртта агрессия жасауда

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен CBS News арнасына берген сұхбатында Пекин мен Вашингтон арасында кикілжің болса, екі елдің мүдделеріне қайшы келеді деп мәлімдеді. Бұл туралы centralasian.orgқа сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.

"Кейінгі бірнеше жылда Қытай өз ішінде репрессия, ал сыртта агрессия көрсетіп жатқанына куә болып отырмыз. Бұл – факт", деді Блинкин.

Блинкеннің сөзінше, АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі "Қытай тарапы интеллектуалды жекеменшікті ұрлауы мүмкін деп қауіптенеді". Ол Пекинді "бәсекені әділетсіз және жауласу арқылы жүргізеді" деп айыптады. Блинкен "Вашингтон мен серіктестері және Қытайға өкпелі басқа елдер" Пекиннің бұл әрекетін тоқтатуы тиіс деп санайды.

"Қытай басшысы Си Цзиньпинге Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы әскерді көбейтетінін айттым. Бұл – жанжал бастау емес, бұл – жанжалдың алдын алу" деген еді Байден.

АҚШ президенті Америка жұмысшылары мен кәсіпорындарының мүддесіне қайшы келетін әділетсіз сауда-саттыққа қарсы тұратынын айтқан.

АҚШ Қытайды Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды қуадалап жатыр дейді. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Пекиннің Шыңжаңдағы әрекетін "геноцид" деп санайды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286