Бейсенбі, 23 Қазан 2025
5839 5 пікір 7 Мамыр, 2021 сағат 13:35

Өзбекстанда су тасқыны: қаза тапқандар бар

Өзбекстанның шығысында нөсер жауыннан кейін су тасқыны болып, екі бала көз жұмды. Бұл туралы өзбек БАҚ-тары жазды. 

Әндіжан облысының Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша мамыр айының 6-сынан 7-не қараған түні облыста қатты нөсер жауып, 700 үйді су алып кеткен. Су басу салдарынан екі бала көз жұмған. Олар 2013, 2018 жылғы балалар болып шықты.

Қазіргі таңда су басу салдарын жою жұмыстары іске асуда. 2020 жылы осы уақытта Өзбекстанда "Сардоба" су қоймасы жарылып, Қазақстан мен Өзбекстанның ауылдарын су басқан еді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1057
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10435