Сенбі, 23 Қараша 2024
3337 3 пікір 18 Мамыр, 2021 сағат 11:41

АҚШ Израильге дәлдігі жоғары қару сатуды қолдады

АҚШ құны 735 млн доллар тұратын дәлдігі жоғары қару сатуды қолдағанын "The Washington Post" басылымы сенімді дереккөзіне сүйеніп жариялады.

Газеттің дереккөзі президент Джо Байден әкімшілігі бұл туралы 5 мамырда хабар бергенін айтып берген.

Сонымен бірге "The Washington Post" басылымы Конгресстегі кейбір демократтар Израильге қару сату Таяу Шығыстағы жағдайды ұшықтырып жібереді ме деп алаңдайтынын жазған.

Израиль қазір дәлдігі жоғары қаруға ие. Ел үкіметі бейбіт тұрғындардың зардап шекпеуін ойлап, Газадағы ХАМАС-тың нысандарына дәлдікпен соққы беріп жатырмыз деп мәлімдеді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443