Қонаев – 100: Шахмат және бильярд турнирі өтті
2012 жылдың 27 сәуірінде, біртуар мемлекет және қоғам қайраткері, ҚазССР-ін 40 жылдан аса басқарып, артына мәңгі өшпес із қалдырған қазақтың ұлы азаматы Д. А. Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Алматы қаласында бильярд пен шахматтан республикалық турнир болып өтті.
1994 жылы 24 ақпанда Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін халықтың жадында мәңгі сақтау туралы Жарлығы шықты. Сол уақыттан бері жыл сайын Ұлы даланың ұлы азаматын мәңгілік есте сақтау мақсатында түрлі шаралар атқарылып келеді.
Осының бірі әрі бірегейі Алматыдағы «Опиум» бильярд клубында өткен бильярд пен шахмат турниры болды. Себебі ұлы қоғам қайраткерінің көзін көрген замандастары, қызметтес болған әріптестері, зиялы қауым өкілдері мен жастар көп жиналды.
Бұл Республикалық шахмат және бильярд турниріне алты облыстан командалар қатысып, бақ сынасты. Шараның ашылу салтанатында, Димаш атаның көзін көріп, қызметтес болған Кеңес аға Аухадиев, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов және осы шараның негізгі ұйымдастырушысы Ғабит Мүсірепов атындағы Республикалық қоғамдық қордың төрағасы Ғабиден Жәкеевтер көсіле сөз сөйлесе, халыққа кеңінен танымал ақындар: Шөмішбай Сариев, Рафаел Ниязбековтер жырдан шашу шашты.

Шара басында негізгі ұйымдастырушы Ғабиден Жакеев, Димаш атаның атын ұлықтауға атсалысқан біршама азаматтарды «Д.А. Қонаевқа 100 жыл» естелік медальмен марапаттады.
Бұл турнирдің бас демеушілерінің бірі, әрі ұйымдастырып, өткізуге ұйтқы болған «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы болды.
Турнир соңында «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасарлары М.С. Сайбеков пен Д.М. Мұхамеджановтар Партия атынан ұсынылған сыйлықтармен жеңімпаздарды марапаттап, оларға сәттіліктер тіледі.Сонымен осы турнирда жеңімпаз атанғандар: Бильярд ойыны бойынша; Бас Жүлде иегері Кеңес Ахаев, Panasonic Viera үлкен теледидарымен,
1-орын, Нұртілеу Иманғалиұлы, «Д.А. Қонаевқа 100 жыл» естелік медальмен,
2-орын, Сейітхан Бекбосынов, DVD ойнатқышпен,
3-орын, Бауыржан Жақып, Музыкалық орталықпен,
4-орын, Ұлықбек Есдәулет, ұялы телефонмен, марапат қағаздарымен және өзге де ақтық сынға өткендер арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Шахмат ойыны бойынша; 1-орын, Орынхан Жанайдаров, ноутбукпен,
2-орын, Құттыбек Алипов, шаңсорғышпен,
3-орын, Владимир Цой, ұялы телефонмен, марапат қағаздарымен және өзге де ақтық сынға өткендер арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Д. Қонаевтың 100 жылдық мерейтойының беташар іс-шарасы Әлімбек Әсембекұлы Жұмабаев басқаратын «Таң Шығыс» компаниясының бас демеушілігімен өтті.
«Абай-ақпарат»