Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 11401 12 пікір 18 Мамыр, 2021 сағат 13:38

Орынбасары тергеуге алынған Шөкеев енді қайтпек?

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің үстінен бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы chinovnik_kz телеграм каналы мәлімдеді.

Ал, қазір Мырзалиев денсаулығына байланысты қызметінен босатылғаны айтылған.

                                  (Мейіржан Мырзалиев)

Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Жәнібеков Ербұлан Әуелбекұлына және оның қарамағындағыларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Айгүл Орынбек, заңгер:

- Шөкеевтің орынбасары 2 миллион пара алды деген күдікке ілінген. Бір қызығы 17 мамыр күні денсаулығына байланысты демалысқа кеткен. Оның қәзіргі статусы белгісіз дейді.

Шөкеев басқарған уақытта, жемқорлық болмаған деп дөп айтудың қажеті жоқ! Періште көкте ғана!

Дәл осы Шөкеевтің басқару уақытысында жемқорлыққа қатысы бар деп спорт басқармасының басшысы Қырықбаев «2 миллиардтан астам ақшаны жеп қойған» деген күдікпен қамауға алынып, қазір тергеу жүріп, қасында бірге жегендер де қамалып жатыр.

«Білім саласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті 9,5 миллиард бюджет ақшасы талан-таражға салғаны экспертизамен анықталып, енді нәтижелі ісін бергелі отырған да, прокуратура жемқорлыққа қарсы агенттіке ауыстырып жіберіп, іс созбалаңға салынып жатыр» деп шағым айтушылар көмек сұрап келген.

Түркістан медиа қаржы саласындағы да біраз былықтарды да осы жерде (әлеуметтік желіде) бұрынғы жұмыс істеген қызметкерлері бөлісті.

Салынған үйлердің сапасын да көріп өттіңіздер.

Мақтаарал да су шайып, үйлер салынып жатқанда, құрылысшы жігіттер: »жоғарыдағылар 18-20% пайыз «откат» сұрап жатыр», деп ашық айтқан.

Түркістан да жемқорлық жоқ емес бар! Тек қана жемқорлықпен күресетін агенттік жоқ!

(Facebook-тегі жазбасы)

Түйін: Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айында мемлекеттік қызметкер жемқорлықпен ұсталса, басшысы өз еркімен қызметтен кетуі тиіс деген Заң күшіне енді. Жаңа ережеге сай қарамағындағы қызметкері пара алған басшы сот үкімінен соң 10 күннің ішінде қызметін босатуы керек.

Ендеше, екі орынбасарының қылмысы дәлелденсе, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өз еркімен қызметінен кете ме?

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415