Сенбі, 23 Қараша 2024
4130 0 пікір 18 Мамыр, 2021 сағат 13:05

Жөнделген мектептің еденін мұғалімдер жамауда

Атырауда өткен жылы 440 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткен мектептің едендерінің тесіктерін мұғалімдер өздері жамап жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Abai.kz.

Қазынаның қаржысы игерілген. Біткен жұмысты жауаптылар қабылдап алған. Алайда білім ордасының есік-терезесі қаңырап, едені шұрық-тесік күйінде қалған. Атырау қаласындағы Мақаш Бекмұханбетов атындағы мектептің мәселесін қызметкерінің бірі әлеуметтік желіге салған. 440 миллион теңгеге толықтай күрделі жөндеуден өткен мектептің еденінің тесіктерін қызметкерлер өздері жамап жатыр. Бұл ақпаратты мектептің мұғалімдерінің бірі растады. Оның сөзінше миллиондап қаржы бөлінгенімен сапасы сын көтермейді.

“Еріксіз мәжбүрлі түрде. Сырттағы бітпей қалған жұмыстың барлығын мұғалімдер жасады. Жер-жерде боқтық қалды.Соның барлығын қызметкерлер жасады. Жігіттер жағын шақыртып жасатты”, – дейді М.Бекмұханбетов атындағы орта мектеп мұғалімі Раиса Жумабаева.

Ал мектеп директорының сөзінше жөндеу жұмысын жасауға мұғалімнің өзі ұсыныс жасапты.

“Дене шынықтыру мұғалімі ұсыныс жасады. Еден көрікті болуы үшін, одан әрі жақсарту мақсатында бір-екі саңылау болды соны "апай бітеп тастасақ қайтеді" деп өз еріктерімен 2-3 жерді бітеді”, – дейді М.Бекмұханбетов атындағы орта мектеп директоры Айнұр Салықова.

Атырау облыстық Білім беру басқармасы өкілдерінің сөзінше қазір мектеп директорына тәртіптік шара қолданылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443