Сенбі, 3 Қазан 2026
5601 3 пікір 24 Мамыр, 2021 сағат 12:53

Димаш 27-ге толды

Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында республиканың еңбек сіңірген әртістері Қанат Құдайбергенұлы Айтбаев пен Светлана Айтбаеваның отбасында дүниеге келген. Ол кішкентай кезінен бастап шығармашылыққа толы ортада өсті.

2014 жылы Ақтөбе қаласындағы  А.Жұбанов атындағы музыка колледжін бітірді. Артынша Қазақ ұлттық өнер университетінің эстрадалық-өнер факультетіне оқуға түседі. 

2015 жылы 21 жасында "Славян базары" сайысының жеңімпазы атанады. 2017 жылы Қытайда өткен Singer жобасына қатысып, екінші орын алады. Бұл жоба Димаштың халықаралық деңгейде танымал болуына ықпал етеді. Қазіргі таңда талантты әнші Димаш Құдайберген Еуропа мен АҚШ-та өзінің жеке концертін қойып, қазақ әнін насихаттап жүр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 561
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 817