Сенбі, 23 Қараша 2024
3517 2 пікір 24 Мамыр, 2021 сағат 13:25

Sulpak маңындағы кесілген ағаштар: сот үкімі шықты

24 мамырда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Sulpak дүкенінің маңында оталған ағаштарға қатысты іске үкім шығарды. Сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. .

Алмалы аудандық соты ЖК өкілі Жанна Нұртаеваға қатысты істі ҚР ҚК 339-бабы, 1-бөлігі "Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi бар түрлерін жою" бойынша қарады.

"Сот Жанна Нұртаеваны Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып, 1500 АЕК мөлшерінде, яғни 4 миллион 167 мың теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады. Айыппұлды төлеу мерзімі заңды күшіне енгеннен кейін екі ай деп белгіленсін", - деді сот.

Естеріңізде болса Sulpak маңындағы кесілген ағаштар жайлы іс қоғамда үлкен дау тудырып, тіпті Алматы қаласының әкімі іске араласқан еді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351