Сенбі, 19 Сәуір 2025
3439 1 пікір 25 Мамыр, 2021 сағат 11:59

ЕО Беларуське салған инвестициясын тоқтатты

Еуропалық Одақ Беларуссияға бөлінген 3 миллиард еуро инвестицияны елде демократиялық бағыт қалыптасқанға дейін тоқтатады. Бұл туралы дүйсенбі күні ЕО-ның атқарушы басшысы мәлімдеді.

Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лайен ЕО басшыларының Белорусияға қарсы санкция салуды қарастыратын жиыны алдында: «Біз режимге БАҚ, баспасөз бостандығы мен пікір бостандығын құрметтемейінше қысым жасаймыз», - деп мәлімдеді.

«Жаңа шаралар Ryanair ұшағын мәжбүрлі түрде қондыруға қатысы бар тұлғаларға, ел басшылығы мен Беларуссияның авиациялық секторын қаржыландыратын кәсіпкерлік және экономикалық құрылымдарға қатысты болуы мүмкін» - , деді фон дер Лайен.

Айта кетейік, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіге мәжбүрлі түрде қонды. Ұшақ бортында оппозициялық журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Кейін  Ryanair әуекомпаниясының ұшағын қондыру туралы бұйрықты Беларусь президенті Александр Лукашенко бергені анықталды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2027
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4886
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4080