Жұма, 22 Қараша 2024
4468 1 пікір 26 Мамыр, 2021 сағат 10:56

Сайлаудағы пайыз көрсеткіші 5%-ға төмендеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды. Заңнамаға енгізілген түзетулер саяси партиялардың парламентке кіру шегін 7% -дан 5% -ға дейін төмендетуді көздейді. Бұл туралы 25 мамырда Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түзетулерге сәйкес, заң Мәжіліске сайлауға саяси партиялардың өту шегін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының 7% -дан 5% -ға дейін азайту нормаларын енгізді. Сондай-ақ барлық деңгейдегі бюллетеньдердің нысандарына «бәріне қарсы» бағанын енгізу көзделеді.

Сонымен қатар, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізу туралы өзгерістер енгізілуде. Сайлауға үміткерлер өздерін дербес ұсына алады немесе саяси партиядан үміткер бола алады. Биыл аталмыш заңға сәйкес елімізде алғаш рет 800-ден астам ауыл әкімін сайлау іске аспақ.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5291