Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
5998 1 пікір 26 Мамыр, 2021 сағат 11:45

Мүгедек жандарға жәрдемақы берілмей келген

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов атап өткендей, заң жобасы азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, еңбек  ардагерлерін қолдауды арттыру мақсатында жетілдіріліп отыр.

"Қазіргі уақытта 66 мың бірінші топтағы мүгедектердің ішінде әрбір үшінші адамға күтім бойынша жәрдемақы да, жеке көмекшінің қызметі де берілмейді. Бұл комадағы адамдар, төсек тартып жатқан мүгедектер және т.б. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде күтім бойынша жәрдемақы қосымша сырттан күтімді қажет ететін 24 мың адамды қамтиды. Бүгінде жаңа нұсқаулықты енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр", - деді министр.

Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың жәрдемақысы 37% дейін өсетін болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 946
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2437
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 651
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 634