Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
6847 2 пікір 27 Мамыр, 2021 сағат 12:18

Ковид: Бекшин жаз мезгіліне болжамын айтты

Тікелей эфирде Жандарбек Бекшин жаз мезгілінде вирустың өршуіне қатысты болжамын жариялады. 

Алматының бас санитары бүгінгі таңда ауру жұқтырудың төмендеуінің айқын тенденциясы бар екенін түсіндірді.

"Біз үнемі анализ жасаумен және болжаумен айналысамыз. Барлық жағдайға  арналған үш сценарий болды: пессимистік, қолайлы және шынайы. Бірақ қазір біз қолайлы болжамға сүйеніп отырмыз. Егер сәуірде күн сайын вирус жұқтырған 700-ден астам жағдай тіркелсе, қазір бұл көрсеткіш 290-ға дейін төмендеді", - деді ол.

Бекшин егер осы тенденция сақталса, маусым айында "қызыл аймақтан" шығу мүмкіндігін де атап өтті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5850