Ұрандап кіретін әжетхана
Ақтөбелік тұрғын «Тәуелсіздік - ел бақыты» атты ұран сөз жазылған тақтайшамен әжетханасының бір қабырғасын жауып қойған. Қаланың көне бөлігінде, яғни А.Иманов көшесіндегі бұл олқылықты көріп, жаға ұстап, бет шымшыған жайымыз бар. Жар салып жазбасақ, тұра беретін, әрі-бері өткен қазақты мың өлтіретін сыңайлы.
Тәуелсіздік күні қарсаңында шағын және орта бизнес өкілдері, дүкендер мен көлік жөндеу орталықтары «Тәуелсіздік - ел бақыты» атты ұранды жиі ілетін еді. Тіпті, қатар тұрған екі кәсіп иесі де осы сөзді таңдап, жазып қоятын болып жүр. Бұл әкімшіліктен келген тапсырыстың, өтініштің орындалу жолы ғана. Ал мына сөзді қоғамдық көлікте келе жатып, терезеге телмірген әр жолаушы көре алады. Мұндайда «Мұнысы несі?» деп ойға қалғанымызбен, көбіміз «сен тимесең, мен тимен» деп жүре береміз. Біздің қалпымыз осы...
А.Иманов көшесінде секунд сайын көлік жүйткіп жатыр. Әжетханасына тәуелсіздіктің ұран сөзін ілген үйдің дәл жанында авто жөндеу орталығы бар. Жүргізушілер, ер адамдар мұнда көп жүреді. Сонда бірінің намысы оянып, «Мынауың не?» деп айтпағаны ма? Мұнысы қалай? Біз неге тәуелсіздік туралы ұран сөздің қадірін қашырып, әр бұрышқа жазып, іліп қоямыз осы?!
Алтынай САҒЫНДЫҚОВА
"Айқын" газеті