Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Саңлақ 9621 1 пікір 31 Мамыр, 2021 сағат 14:08

Боксшы қыздар Азия чемпионатында 8 алтын алды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Дубайда (БАӘ) өткен Азия чемпионатының финалында сегіз алтын медаль алып, жалпы есепте бірінші орын алды. 

Олар: Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Римма Волосенко (60 кг), Милана Сафронова (64 кг), Валентина Хальзова (69 кг) , Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).

Ал, Владислава Кухта (57 кг) «Күміс» медаль, Марина Вольнова (75 кг) «қола» медаль иеленді. Салыстыру үшін айта кетейік, Өзбекстан мен Үндістанда 2021 жылғы Азия чемпионатында бір ғана алтын бар.

Әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының медалдық есептері:

1. Қазақстан - 8-1-1

2. Өзбекстан - 1-5-2

3. Үндістан - 1-3-6

4. Индонезия - 0-1-0

5. Моңғолия - 0-0-3

6. Тәжікстан - 0-0-2

7. Филиппиндер - 0-0-1

8. Шри-Ланка - 0-0-1

9. Кувейт - 0-0-1

10. БАӘ - 0-0-1.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1150
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2682
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 797
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 768